Қолы кемтар теннисші Азамат Оразбек 2013 жылы өтетін Азиадаға дайындалып жатыр. Лондондағы паралимпиадаға қатысуға қазақстандық теннисшілер жолдама ала алмады.
Лондонда өткен XIV жазғы паралимпиадалық ойындарға қатысқан қазақстандық спортшылардың ішінде ең жоғары нәтижені (жетінші орын) пауэрлифтингтен (шалқалап жатып штанга көтеру) 44 кг салмақта өткен жарыста Кәбира Асқарова көрсетті. Ұзындыққа секіруден Сергей Харламов сегізінші орын иеленді. Пауэрлифтинг бағдарламасы бойынша Айбек Абжанов мәреге тоғызыншы болып жетті.
Лондон паралимпиадасына Қазақстаннан жеті спортшы барған.
ЖҮРЕКТЕГІ ДАҚ
Азаттық былтыр қолы кемтар теннисші Азамат Оразбек жайлы жазған еді. Ол кезде Азаматтың Лондон паралимпиадасына қатысам деген үміті зор болатын. Азамат паралимпиадалық ойындарға қатысуға жолдама алу үшін жеткен жеңістерін мақтанышпен айтқан еді.
– Мен күн құрғатпай жаттығып едім, – деді паралимпиада ойындарына бара алмай
қалғанына қатты қамығып, көңілі қалған Азамат.
Бір жыл ішінде Азаматтың бойы да, ойы да өсіп, азамат болып қалыпты. Кездескен кезде де, қоштасар сәтте де ұсынған протезі мектеп формасының жеңінен көрініп тұрды.
Былтыр ол теннис жаттығулары мен жарыстарына ол протезсіз қатысып жүрді. Көркемөнерпаздар үйірмесіне қатысып, домбырамен ән айтатын Азамат ол жолы «протезді сахнаға шыққанда ғана киемін» деген.
Азамат Оразбек – тірек-қозғалыс жүйесі зақымданған балаларға арналған арнайы мектеп-интернаттың 10 сынып оқушысы. Алайда ол оқу басталғалы сабаққа бармапты.
Өзінің айтуынша, оқу жылының басында медкомиссиядан тексеруден өткен кезде жүрегінен бір ақау тауыпты.
– Жүрегімнен дақ тапты. 1 қыркүйектен бері ауруханаға барып жүрмін, – дейді Азамат Оразбек.
Теннисші жазғы демалысын Қызылорда облысындағы Жаңақорған ауылында тұратын нағашы атасы мен әжесінің қолында өткізіпті. Анасы үш баласымен бірге әлі Алматыда тұрады. Баланың ересегі – осы Азамат. Анасы «Атакент» көрме орталығында еден жуады. Басқа әйелге кетіп қалған әкесі бала-шағасына сол беті қайтып оралмапты.
«МҰНДАЙ ЖАНДАРҒА АҚША ТАБЫЛМАЙДЫ»
Азамат Оразбектің айтуынша, ол паралимпиадаға дайындық барысында өзі қатысқан жарыстардың бәрінде жеңіпті. Ал Лондонға қаржы жоқтықтан бара алмай қалыпты.
Алматылық паралимпиадашылардың бапкері Зоя Ананьева паралимпиадаға алматылық бірде-бір теннисшінің бармағанына қынжылады:
– Біздің балалар соңғы үш-төрт жыл бойы республикада алдыңғы орынды бермей келді. Үзбей жаттығып, спорт шебері атағын алып, республикалық чемпионатта жеңіп жататын балалар лицензия алуға келгенде халықаралық жарыстарға қатысуға лайық болмай қалады. Үстел теннисінен республикалық жарыстар үнемі өтіп жатса да, паралимпиадашыларды халықаралық жарыстарға қатысуына неге көңіл бөлінбейді? Өйткені мұндай спортшыларға ақша табылмайды. Олар мұндай балалардың жетістікке жететіне сенбейді, шетқақпайлайды, – дейді бапкер.
Зоя Ананьеваның айтуынша, оның Азамат Оразбек, Нұржан Карпетаев сияқты оқушылары Лондонда Қазақстанның намысын лайықты қорғап шығар еді.
Алматылық паралимпиадалық суға жүзушілердің жаттықтырушысы Аркадий Тихонов оқушысы Азамат Оразбек паралимпиадада жүзуден өтетін жарысқа қатысу үшін барар деп үміттенгенін айтады:
– Лицензия берілетін стартқа қатысу үшін ол Англияға бара алмады да, лицензия ала алмадық. Биыл Катар мен Англияда өткен лицензиялық жарыстарға қатыса алмады. Неге екені белгісіз, Астана оны бұл жарыстарға жібермеді. Лицензиялық турнирге қатыспағандықтан, лицензия да ала алмады, - деді бапкер.
Аркадий Тихоновтың айтуынша, Лондон паралимпиадасына алматылық жүзушілердің де ешқайсысы бармапты.
Зоя Ананьеваның сөзінше, Қазақстанның паралимпиадалық комитетіндегі шенеуніктерді алтын медаль ғана қызықтырып, жеңіс қытай спортшыларынан аспайтын болғандықтан, үстел теннисіне немқұрайды қарайды.
Зоя Ананьева «оқушыларым бір жылдан кейін Оңтүстік Кореяда өтетін жастар арасындағы Азиада ойындарына қатысар» деп үміттенеді.
«ОЛАР ЛИЦЕНЗИЯ АЛҒАН ЖОҚ»
«Соңғы үш-төрт жыл қатарынан Қазақстан біріншіліктерінде жеңіп жүрген алматылық теннисші паралимпиадашылар неліктен Лондондағы жарысқа бармады?» деген сауалға Қазақстанның паралимпиада комитетінің төрағасы Елсияр Қанағатовтың көмекшісі Ғалым Балқанаев жауап берді. Оның айтуынша, «бұл арада комитеттің еш кінәсі жоқ».
– Олар квалификациялық іріктеуден өткен жоқ қой. Біздің кінәміз не? Бұл – халықаралық паралимпиадалық комитеттің құзырымен шешілетін мәселе. Квалификациясы болмағандықтан, олар лицензия алмады, – деді Ғалым Балқанаев.
Ол бапкерлердің «шенеуніктер алтын медальдан үміті жоқ спортшыларды шетке қақпайлайды» деген сынымен келіспеді.
– Біз қазір де медаль аламыз деп күтпейміз. Ал паралимпиадаға лицензия алғандар қатысты, – деді Ғалым Балқанаев.
Оның айтуынша, алматылық теннисшілердің Лондон паралимпиадасына бара алмағанына кінәлі адам – халықаралық жарыстарға қатысуға тапсырыс беріп, сосын республикалық паралимпиадалық комитет арқылы халықаралық паралимпиадалық комитетке хабарласуы тиіс болған аға жаттықтырушы.