Бердібек Сапарбаевтың Березовкаға сапары
Your browser doesn’t support HTML5
12 желтоқсан күні Премьер-министр орынбасары Бердібек Сапарбаев Батыс Қазақстан облысындағы Березовка ауылы тұрғындарын ауылды көшіру мәселесін «айғай-шусыз» шешуге шақырды. Мұнда қарашаның 28-і және кейінгі күндері балалардың жаппай улану оқиғасы болып, 91 адам дәрігер көмегіне жүгінген. Қазір Орал қаласындағы облыстық ауруханада сегіз бала жатыр. Сапарбаев Березовка тұрғындарын көшір-көшірмеу мәселесі 2015 жылдың 20 қаңтарына дейін жарияланауы тиіс тексеру қорытындысына қарай анықталатынын мәлімдеді.