Қарашаның 7-сі күні Алматыдағы Медеу аудандық сотында журналист Валерий Сургановтың Guljan.org сайтында жарияланған мақаласына қатысты сот үкімі оқылды.
Істі қараған судья Дәулет Әбдіхалықов журналист Валерий Сургановты Қылмыстық кодекстің 129-бап 3-бөлімі («өсек-аяң тарату») бойынша кінәлі деп тауып, бір жыл алты айға «бостандығын шектеді».
Сот сонымен бірге Сургановты моральдық шығын ретінде 100 мың теңге төлеуге, қоғам алдында кешірім сұрауға, Guljan.org сайтында жарық көрген «Князьки» финпола. ІІ часть» атты мақаласындағы жайттарды терістеуге міндеттеді.
Өткен аптада болған жарыссөзде шағым беруші жақ қаржы полициясының Павлодар облыстық департаменті бастығының орынбасары Санжар Әлиевті «ғайбаттағаны үшін» журналисті үш жылға бас бостандығынан айыру жазасын сұраған еді.
ЖУРНАЛИСТ ҮКІММЕН КЕЛІСПЕЙДІ
Шағым беруші жақтың бұл талабының орындалмағанына шүкіршілік айтқан журналист Валерий Сурганов сот үкімін аппеляцияға беретінін айтты.
– «Жалған ақпарат таратты» деген айыптаумен келісе алмаймын. Қорғаушы жақтың куәгері Ердилдинов кейбір жайттарды бұрмалап
Ол сот үкіміндегі «мақаланы сайттың рейтингін көтеру мақсатында жазған» деген сөзбен де келіспейтінін айтты.
«Сайтта мәліметтерді терістейсіздер ме?» деген сұраққа:
– Білмеймін. Мұның маған қалай қатысы болса, бас редакторға да дәл солай қатысы бар, – деді Валерий Сурганов.
Сот үкімі оқылған кезде Валерий Сургановпен қатар тұрған Guljan.org сайтының бас редакторы Гүлжан Ерғалиева іс басталғаннан бері шағым беруші жақта «журналистен өш алу ниеті» қатты байқалғанын айтты. Ол Валерий Сургановтың бостандығы шектелгеніне де наразы болды.
100 МЫҢ ТЕҢГЕ
Ал шағым беруші жақ сот үкімін аппеляцияға беру-бермеу жағын алдағы уақытта қарастыратынын айтты.
– Сот үкіміне «көңілім толады» немесе «толмайды» деп айта алмаймын. Себебі сот үкімі қазір ғана оқылды. Бұл әлі талқыланған жоқ. Тіпті, мұны маған сеніп тапсырған адамым да білмейді, – деді шағым беруші жақтың адвокаты Рәуия Шабанова.
Ол Валерий Сурганов моральдық шығын ретінде төлейтін 100 мың теңгенің «қайырымдылық мақсатына» жұмсалатынын айтты. «Нақты неге жұмсалады?» деген журналистердің сұрағына:
– Әзірге біз ештеңе айта алмаймыз, – деп жауап берді Рәуия Шабанова.
Шағым беруші жақ соттан әу баста моральдық шығын ретінде 10 миллион теңге өндіріп беруді сұраған еді.
«БҰЛ ҰҚК МЕН ҚАРЖЫ ПОЛИЦИЯСЫНЫҢ ТЕКЕТІРЕСІ ЕМЕС»
Журналист Валерий Сургановқа қарсы қылмыстық іс биыл шілденің 20-сы күні қозғалды. Шағым иесі – Павлодар облыстық қаржы полициясы басқармасы бастығының орынбасары Санжар Әлиев журналисті Guljan.org сайтында жарияланған «Князьки» финпола. Часть II» мақаласындағы өзі туралы мәліметтерге байланысты айыптаған. Валерий Сурганов бұл мақалада 2009 жылы Астанада жасалған «жасырын қылмыс» туралы жазады.
Көптеген интернет-басылымдардың форумында Әлиев пен Сургановтың арасындағы дау «ұлттық қауіпсіздік комитеті мен қаржы полиция арасындағы текетірестің нәтижесі» деп айтылған еді. Ал Guljan.org
– Мен «қандай да бір күштік құрылымдармен байланысы бар» дегенді түбегейлі түрде жоққа шығарамын. Маған «ұлттық қауіпсіздік комитеті төлейді», ал «Время» басылымындағы Геннадий Бендицкийге «қаржы полициясы ақы төлейді» дейтін адамдар қолдарында шынайы дәлел болмағандықтан осылай айтады. Бұл – күлкілі, – деді Гүлжан Ерғалиева Азаттық тілшісіне.