France Press агенттігі Венаны ғаламдағы шпиондық дамыған астаналардың бірі деп атады. Мұндай аттың таңылуына Нұрсұлтaн Назарбаевтың бұрынғы күйеу баласы Рахат Әлиев төңірегіндегі жанжалды жайттар себеп болуда.
Венаны ғаламдағы тыңшылық астаналарының бірі деп атаған France Press агенттігінің жазуынша «қырғи қабақ» соғыс аяқталғанына 20 жыл өткенде Австрия әлемнің құпия қызметтерінің агенттері үшін сүйікті мекенге айналды. Еуропаның осы бір тыныштау қаласында танымал детектив ауторларының қаламына арқау болатындай оқиғалар жиі орын алуда. Кісі өлтіру, ұрлау, полицейлер мен саясаткерлердің ақшаға сатылуы — бұл жергілікті баспасөздің күн сайынғы тақырыбы.
AFP арнаулы қызметтің қимыл-әрекеттерінің ізі көрінетін ең атышулы және жұмбақ қылмыстарды ғана еске салады. Мәселен, ашыла қоюы неғайбыл ондай қылмыстардың бірі шешен диссиденті Умар Исраиловты осы жылдың 13 қаңтарында Австрия астанасында тапа-талтүсте біреудің атып кеткені.
1989 жылы Австрияда курд оппозициясының көсемі Абдул Рахман Гасемлу өлтірілді. Өткен жылдың қазанында Венада Қазақстан арнаулы қызметінің бұрынғы басшысы Әлнұр Мұсаевты ұрлауға әрекет жасалды. Ол екеуі де Австрияда қашқында жүрген еді.
Сарапшылар Австрияны арнаулы қызметтердің қимыл- әрекеті тізбекті сипат алған жер деп біледі. Географиялық жағынан Вена шығыс пен батыстың, солтүстік пен оңтүстіктің ортасында орналасқан, сондықтан ол әлем бойынша тыңшылардың ең көп шоғырланған нүктесі. Оның үстіне мұнда МАГАТЭ, ОПЕК, ЕҚЫҰ және басқа да халықаралық ұйымдар жайғасқан.
France Press таратқан ресми мәліметтерге сәйкес, Венада 17 мыңға жуық дипломат жұмыс істейді. Бұл қала халқының 1 пайызын құрайды. Барлау, лаңкестік және қауіпсіздік мәселелері жөніндегі австриялық орталықтың (Грац университетінде орналасқан сараптау мекемесі) жетекшісі Зигфрид Беердің пікірінше, олардың жартысына жуығы құпия қызметпен байланысты. Венада «қару сатып алу, ақша жасыру немесе оның ізін суыту өте оңай» деп саналады.
Мәліметтерге қарағанда, Венада жүрген ресейлік ФСБ (ФҚҚ) арнаулы қызмет агенттерінің саны 500-ден асады. Олардың көбісі соңғы жылдары осы қалада орныққан мыңдаған шешен диаспорасын бақылайды.
Соңғы кездегі шытырман оқиғалар негізінен Отанында бірнеше қылмыстар бойынша айыпталып, өз үкіметінен жасырынған Рахат Әлиевтің төңрегінде бой көрсетуде.
Profil журналының жарияланымы Австрияда үлкен шу көтерді, онда жуырдағы тыңшылыққа қатысты жанжалға көрнекті австриялық саясаткерлердің де қатыстылығы туралы айтылған. Әңгіме екі апта бұрын Қазақстан мүддесі үшін тыңшылық жасаған австриялық екі полицейдің айыпталуы жайында. Жарияланымға сенсек, аталмыш істің іздері әскери қарсы барлаудың бұрынғы агенті мен Австриядағы социал-демократиялық партияның құрамындағы саясаткерлерге алып барады.
Журнал мәліметтері бойынша, тергеп-тексерушілер қазақстандық арнаулы қызмет агенттері соңғы екі жыл бойы австриялық полицияның құпия деректерін алу соңында жүр деп топшылайды.
«Тыңшылығы» үшін екі полицейдің ұсталғаны туралы бірінші болып өткен аптада Falter басылымы жариялады. Ұсталғандардың біреуі босатылды, ал екіншісі алдын ала қамауда.
Іс әрі қарай жалғасуда. Profil журналының зерттеуінше, даулы әрі тың деректер анықталды. Бір-бірінен тәуелсіз әртүрлі дерек көздері австриялық әскери қарсы барлаудың бұрынғы агентінің іске қатыстылығына тілшілердің көздерін жеткізді. Бұрынғы агенттің есімі редакцияға мәлім. Әлгі адам 90-шы жылдардың ортасында зейнеткерлікке шыққан, бірақ күні бүгінге дейін қорғаныс мекемесімен байланысын үзбеген.
Сонымен қатар деректер танымал саясаткерлерге әкеліп тірейді. Конституцияны қорғау және лаңкестікпен күрес жөніндегі федералдық қызмет (Bundesamt fuer Verfassungsschutz und Terrorismusbekaempfung – BVT) Австрияның социал-демократиялық партиясындағы екі көрнекті саяси қайраткердің Әлиев ісіне қатысы болуы мүмкін дегенді анықтауда.
Profil журналы жазып отырғандай, парламенттің бұрынғы депутаты Антон Гааль мен «80-ші жылдардағы әйгілі ішкі істер қызыл министрі, ал қазір зейнеткерлер одағын басқаратын» Карл Блех сезік тудырып отыр. Екі саясаткер де барлық айыптауларды үзілді-кесілді мойындамауда. Ал, журнал олардың телефондарын BVT тыңдағанын айтады.
Вена прокуратурасының ресми өкілі әскери қарсы барлаудың бұрынғы агентіне қатысты күдік турасында түсінік беруден бас тартқанымен, жоққа да шығарған жоқ. Ішкі істер министрлігі де тергеудің аяқталмағанын желеу етіп, түсінік беруден жалтарды. Өткен аптадағы тұтқындауларға байланысты Астананың қандай да бір тыңшылыққа қатысы жоқ деген тұрғыда Қазақстан елшілігі мәлімдеме жасады.
Бұл мақалада соңғы оқиғаларға орай тағы бір жайтқа қатысты меңзеу бар. Profil австриялық полицейлердің әшкере болуы мен ҰҚК қарамағындағы «Барлау» сыртқы барлау қызметінің қайта құрылуы арасында байланыс болуы мүмкін деп жазады. Қазақстан президентінің бұрынғы күйеу баласы Рахат Әлиевтің пікірінше, өзін және жақтастарын көздеген жұмбаққа толы ұрлау әрекеттері «Барлау» агенттерінің ісі.
«Әлиев «Барлау» қызметінің Батыстағы ең бір ірі ісі болды, – дейді сұхбатында Совет одағының құрамында болған елдерді зерттеуге мамандандырылған арнаулы қызметтің бұрынғы сарапшысы. – Осы күнге дейін оның агенттері негізінен Орталық Азияда, Ауғанстанда, Пәкістанда және Қытайда әрекет етті».
Айта кету керек, Profil журналының осы мақаласы Австрияда қызу пікір туғызды. Көптеген басылымдар мұны жоққа шығаруға асықты. Мәселен, der Standard атты ықпалды веналық газетке берген сұхбатында Австрияның бұрынғы Ішкі істер министрі Карл Блех өзіне таңылған айыпты «мүлде ақылға симайтын нәрсе» деді.
Журналистер әшкере мен жанжалға толы жайттардың Астананың беделіне түсірер көлеңкесі турасында жазады. «Қазақстан үкіметі өткен аптада тыңшылыққа қатысты айыптауды жоққа шығарды, – делінеді der Standard жарияланымында. – Бірақ та Астанадағы билікке соңғы біржарым жылда өзінің арнайы қызметінің Австрияда жасаған айла-шарғыларынан (интрига) келетін саяси зиян елеулі болуы мүмкін».
Оның үстіне бұл мұндай нұқсан-зиян Австриядан асып, сыртқа да жария болып кетті. Мұның дәлелі ретінде жуырда Berner Zeitung атты швейцариялық газеттегі «Қазақстандық диктатор австриялық полицейлерді сатып алды» деген айдармен шыққан жарияланымды айтуға болады. Басылымның веналық тілшісі екі апта бұрын екі полицейді Қазақстан сатып алған болуы мүмкін деп көтерілген шудың жай-жапсарын әңгімелей отырып, Рахат Әлиев пен ресми Астананың текетіресін де еске салып өтеді. Мақаладан жаңалық табу қиын, дей тұрғанмен мәселенің осындай айдармен жариялануы Қазақстан мен оның басшылығының беделін көтере қоймас.