Сейітжан Әбішев жеңісті көре алмай кетті. Бірақ ол соңғы рет сонау Қазақстандағы туыстарына хат жазып, «Жуықта елге ораламын!» деген жазуы бар суретін де қоса салған екен. Немересі оның Братиславадағы зираты басына 2010 жылы мамырда барды.
ЖЕҢІСКЕ ЕНДІ ЖЕТТІК ДЕГЕНДЕ...
Тараз қаласындағы Сейітжановтар әулеті аталарының зиратын жетпіс жылдан бері қаншама іздесе де, таппаған еді. Қазақ сарбазы Сейітжан Әбішевтің немересі Сағит Бекенұлы Сейітжанов Азаттық радиосына берген сұхбатында Бекен Сейітжановтың жеңіске енді жеттік дегенде қаза тапқан әкесінің сүйегін табуды өмір бойы армандағанын айтты.
– Бізге әкесі жайлы есінде қалғандарын там-тұмдап айтатын. Атамды соғысқа әкеткенде әкем бар-жоғы үш жаста екен, – дейді Сағит Сейітжанов.
Сейітжан Әбішевті 1942 жылы майданға шақырғанда жасы 30-ға толған екен. Үйлі-баранды, үш баланың әкесі еді. Жамбыл облысындағы Головачевка ауылында бригадир болып еңбек ететін.
Әулет оның хабарын талай жыл күтті. «Атамызды Словакиядан іздеу керек» дегенге ғана шүбәсіз сенді. Ақырғы хаты да, одан кейінгі «қара қағаз» да сол жақтан келген еді.
Жеңістің 65 жылдығын тойлау қарсаңында Словакияда қаза тапқан қазақ сарбазы Сағит Сейітжановтың немересі 1945 жылғы 9 мамырға енді жеттік дегенде атасына не болғанын анықтауға бел шеше кірісті. Қайтсе де зиратын тауып, ең негізгісі – басына барып қайтпақ болды. Әрине, кедергі де аз болмады. Сол кездегі құжатта қате кетіпті. Қазақ сарбазының аты-жөні Сейітжан Әбішев болғанымен, әскери құжаттарға Витен Абишев деп жазылыпты. «Қара қағазда» да, Ресейлік «Мемориалдың» сайтында да солай жазылыпты.
КӨҢІЛ ТЕБІРЕНТЕР СӘТ
Қазақ сарбазының немересі Еуропаға 7 мамыр күні ұшып келді. Ол Тараздың бір уыс топырағы мен атасының қазақша аты-жөні жазылған құлпытасты да ала келді. Сағит Сейітжанов ол тасты Қазақстанның Чехия мен Словакия Республикаларындағы елшілігінің көмегі арқылы атасының басына қоймақ болды. 8 мамыр күні Братиславадағы атасының зиратына келді. Сағиттың қасында өзі де қазақ елшілігінің көмегімен атасы, Совет Одағының батыры Мәжит Жүнісовтің басына келген Тұрарбек Жүнісов жүрді.
– Бұл бір естен кетпес сәт болды. Мұны баяғыдан армандадық. Талай жылдан бері атамыздың қайда жерленгені, неге душар болғаны жұмбақ еді. Енді әулетіміздің шежіресіндегі беймәлім жайт мәлім болды. Соғыстың да біраз құпиясы ашылған шығар, – деді Сағит Сейітжанов толқып тұрып.
Сағит Сейітжанов атасын іздестірген барша жанға, әсіресе Қазақстанның Чехия және Словакия Республикаларындағы қыруар шаруа тындырған елшілігіне разылығын айтты.
– Оларға интернет арқылы хабарласып, көмек сұрадық. Бірақ бұлай тез табады деп ойламаппыз. Бүкіл әулет болып, талай жыл іздегенмен, еш қайыры болмап еді, – дейді Сейітжан Әбішевтің немересі.
Сағит Сейітжанов атасына зиратына қазақ делегациясымен бірге келді. Әкесі Бекен де келмек болған екен, бірақ «денсаулығым алыс жолға шыдамас» депті.
Қазақ сарбазын екінші қайтара жерлеген екен. Сейітжан Әбішевтің мәйітін әуелі соғыс кезінде Әулие Мартин Соборы деген ескі ғибадатхананың орнында тұрған әскери госпиталь ауласында жерге тапсырған деген дерек бар.
Кейін қала дамыған соң Сейітжан Әбішевті Праганы азат етуге қатысқан басқа совет сарбаздарымен бірге «Славин» зиратына апарып қайта жерлепті.
ПАПАХА КИІП ТҮСКЕН СУРЕТ
1945 жылы сәуірдің аяғына таман жеңістің таяп қалғанын сезген 33 жасар Сейітжан Әбішев қуанып, Қазақстандағы туыстарына хат жазыпты. «Соғыс аяқталайын деп қалды, жуықта қайтамын, базарлық әкелемін» депті. Кенжесі - жалғыз ұлы Бекенге папаха ала баратын болыпты. Соны киіп түскен суретін де салыпты.
Әбішевтер әулетінің қуанышында шек болмады. Көп күттірген 1945 жылдың 9 мамырдағы жеңісін жұртпен бірге тойлады. «Біздің батыр бүгін-ертең келіп қалар» десті. Жеңіс күні де тойланды, ай соңынан ай өтті – отағасыдан хабар болмады.
– Кейінірек қара қағаз келіпті, – деп еске алады Сағит Сейтжанов. – Фашистер ақырғы тұяқ серпіген ұрыста, 19 сәуір күні атама жарықшақ тиіп, госпитальға әкетіпті. 1945 жылы 22 сәуірде көз жұмыпты.
Құжаттағы қателіктің кесірінен Сейітжан Әбішевті табу оңай болмады. Оған байланысты деректі Қазақстанның Чехия мен Словакиядағы елшілігі Ресей Федерациясы Қорғаныс министрлігінің орталық мұрағатынан тапты. Мысалы, бір көзінде ағы болғаны анықталды. Қазақ жігітіне мергендік өнерді үйреткенде соның да себі тиіпті. «Атам бір көзін жұмып әуре болмаған екен» деп қалжыңдайды Сағит Сейітжанов. Қанша фашисті жер жастандырғаны туралы мәлімет табылмады. «Бірақ ерлікпен көз жұмғаны күмәнсіз» дейді немересі.
Сағит Сейітжанов Қазақстанның Чехия мен Словакиядағы елшілігі берген дерекке сүйене отырып, бұл іске Словакия ресми мекемелері тізімінің де көп көмегі тигенін айтады.
– Елшілік қызметкерлерінің қажырлы еңбегінің арқасында ақыры Братиславадағы зиратта басқа азат етуші сарбаздармен бірге Тараздан келген Сейітжан Әбішевтің жатқаны да анықталды, – дейді Сағит Сейітжанов.
Елшілік қызметкерлері қазір Словакиядан тағы үш отандасын іздестіріп жатқандарын айтты. Олар словактардың тізімдерінде жоқ екен. Хабар-ошарсыз кеткендіктен іздестіру жұмыстары қиындап тұр. «Словакия берген тізімде қазақ және түркі есімдері көбірек дейді» Қазақстан елшілігінің қызметкері.
Сағит Сейітжанов Братиславадан қайтар жолда, 9 мамыр күні Совет Одағының Батыры Мәжит Жүнісов жерленген жерде, Чехияның астанасы Прагада өткен мерейтойлық шараға қатысты. Батыс қазақстандық Мәжит Жүнісовтің туысы Тұрарбек Жүнісов, Праганы азат етуші ардагер, астаналық Қаматай Тоқабаев және Қазақстан Қорғаныс министрлігінен келген полковник Мұрат Рахымжановтар қатар тұрып, совет сарбаздарының зиратына гүл шоғын қойды. Одан кейін үйлеріне қайтты. Қазақстанға оралған соң Еуропаны азат ету үшін жан қиған қазақ сарбаздарының басына барғандарын достары мен әріптестеріне, жақындарына айтып береді.