ҰҚК-нің абақтысында жатқан Мұхтар Жәкішев жүрегінің дімкәстігі мен қан қысымының жоғарылығына шағымданып, бас прокуратураға хат жолдаған. Күйеуінің арызымен журналистерді Жәмила Жәкішева таныстырса, саясаткер Болат Әбілов пен ғалым Мұрат Әуезов топ-менеджердің денсаулығына алаңдап, мәлімдеме жасады.
ЖӘКІШЕВКЕ БІР АЙДА БЕС МӘРТЕ «ЖЕДЕЛ ЖӘРДЕМ» ШАҚЫРЫЛҒАН
Дүйсенбі күні Алматыда баспасөз жиынында Жәмила Жәкішева топ-менеджердің өз қолымен жазылған екі беттік қағазды журналистерге көрсетті. Жәкішеваның айтуынша, ҰҚК тергеу тобының жетекшісі Владимир Петровскийдің атына қарашаның 13-і күні жазылған бұл арыздың көшірмесі бас прокурорға да жолданған.
- Ұзақ уақыттан бері менің қан қысымым 178-ден бір төмендеместен жоғары болып тұрғандығын сіздер жақсы білесіздер. Қазір мен осы арызды қан қысымым 220-120 болып тұрғанда жазып отырмын. Дәл осы көрсеткішті осыдан 20 минут бұрын ҰҚК-нің дәрігері тіркеді, - деп басталады Жәкішевтің хаты.
Әрі қарай Жәкішев бұған дейін бір мәрте ауруханаға ауыстырылғандығын, санаулы күнге созылған сол стационарлық емнен кейін оның қан қысымы біршама түскендігін, бірақ ҰҚК-нің қызметкерлері дәрігерлердің ескертуіне құлақ аспастан өзін тергеу абақтысына қайта ауыстырғандығын еске салып өтеді.
"Тергеу абақтысына қайта әкелінген соң менің денсаулығым күрт нашарлады. Бұған абақтының медициналық журналындағы жазбалар дәлел бола алады. Осы уақыт аралығында екі мәрте гипертониялық асқыну жағдайы тіркеліп, қан қысымым 230-дан жоғарылап кетті және комитеттің дәрігерлері бес мәрте «жедел жәрдем» шақырды",- деп жазған Жәкішев.
Бұдан бөлек, абақтыдағы топ-менеджер кеселдің асқынуы салдарынан үнемі басы ауырып, көзі қарауытатындығын және жүрек тұсы сыздап, қол-аяғы ұйып қалатындығын атап көрсеткен.
"Осындай жағдайда маған қылмыстық іспен танысуымды ұсынып жатыр. Соған байланысты мені айыпталушы ретінде қарастыратын қаулыға сәйкес 12 қарашаға белгіленген тергеуге қатыса алмадым. Тергеу жауаптары маған тағылған айыптарды жоққа шығаратын еді. Бұл тергеу жауаптарын мен алдын ала тергеу барысында да беруге әзірмін",- делінген Жәкішевтің арызында.
Сөз соңында Жәкішев қылмыстық іс материалдарымен танысудан бас тартпайтындығын ескертіп, өзін тез арада ауруханаға жатқызуын талап еткен.
ӘБІЛОВ ПЕН ӘУЕЗОВ ЖӘКІШЕВТІҢ ТАҒДЫРЫНА БЕЙЖАЙ ҚАРАЙ АЛМАЙДЫ
Баспасөз конференциясына ЖСДП «Азат» партиясының тең төрағасы Болат Әбілов және белгілі мәдениеттанушы, жазушы Мұрат Әуезов қатысты. Әуелгісі өзін Жәкішевтің бала кезден досы едім деп таныстырса, ешқандай партияда еместігін атап өткен қаламгер Әуезов өзінің бұл ортаға Әбіловпен бірге келгендігін ескертті.
- Сот өз шешімін айтар. Ал, бірақ Мұхтар - өте білімді, сауатты азамат. Әсіресе, күрделі кезеңдерде Мұхтардай азаматтардың жағдайы біз үшін өте маңызды. Менің қарындасым, бес баланың анасы Жәмила, торға түскен құстай, Мұхтардың жағдайы туралы біздерге көптеген мәліметтер беріп жатыр. Сондықтан, менің ойымша, бірде-бір саналы азамат сырттай бақылаушы болып қалмауы керек деп білемін, - деді Әуезов.
Сонымен бірге Әуезов «Қазатомпром» компаниясының бұрынғы басшысының денсаулығын тексеретін тәуелсіз комиссия құрылуы керек дегенді ұсынып отыр.
- Уранның жағдайы не болып жатыр, Қазақстанның ба, жоқ әлде басқа мемлекеттердің мүддесі жатыр ма? Біз үшін әзірге құпия болып тұрған сауалдарға денсаулығы мықты кезінде Мұхтардың ашық жауаптарын бергені әрқайсымызға да қажет, - деді Әуезов.
Мұхтар Жәкішевті 30 жылдан астам уақыттан бері жақын танитындығын жеткізген саясаткер Әбілов, өзінің досының тұралап қалған «Қазатомпром» ұлттық компаниясының қайта дәуірлеуіне қосқан ерен еңбегін дәріптей келе, оның ұсталуын «трагедиялық қателік» деп атады.
- Қандай да бір түсініксіз нәрселермен айыптау арқылы ҰҚК оның түбіне жететін болды. Ендігі жерде айыптаулардың ақылға сыйымсыздығын дәлелдеу үшін оның зорлық-зомбылық деуге болатын әрекеттермен сағын сындыру арқылы сол айыптауларды мойындатпақшы, - деген Әбілов.
Сонымен бірге, оппозициялық партияның басшысы Әбілов абақтыдағы Мұхтардың жағдайын апта сайын Жәмила Жәкішевамен бірге талқылап отыратындығын айтты.
ЖӘКІШЕВА КҮЙЕУІМЕН ЖАРТЫ ЖЫЛДА ТӨРТ МӘРТЕ КЕЗДЕСКЕН
Топ-менеджердің жұбайының айтуынша, Жәкішев ісі бойынша куәгерлер деп аталып, Астанада конспиративтік пәтерлерлерде тұратындығы жарияланған «Қазатомпром» компаниясының бұрынғы бес қызметкері туған-туыстарымен апта сайын кездеседі екен.
Ал Жәмила болса, Астанада ҰҚК-нің тергеу мекемесінде отырған жолдасымен кездесудің өте қиын екендігін айтып шағымданады.
- Маған кездесуге рұқсатты тергеу тобының жетекшісі Петровский ғана бере алады, шындығын айтар болсам, ол кісі ойына түскен уақытта ғана кездесу белгілейтін сияқты. Өйткені, бұл мәселеде белгілі бір кесте немесе келісім жоқ.
-Әдетте менің өзім қоярда-қоймай рұқсат алып отырамын. Абақтыға түскен жарты жылдан бері мен Мұхтарды төрт мәрте ғана көрдім, - деді Жәкішева.
Адвокаты Нұрлан Бейсекеев пен әйелі Жәмила, сонымен бірге «Аман-саулық» ұйымының төрайымы Бақтылы Түменова да ҰҚК-нің тергеу абақтысындағы Мұхтар Жәкішевтің денсаулығына қатысты алаңдаушылықтарын бұған дейін де бірнеше рет мәлімдеген болатын.
Ол жолы ҰҚК-нің баспасөз хатшысы Кенжеболат Бекназаров Жәкішеваның баспасөз конференциясында комитет қызметкерлерінің әрекеттеріне қатысты айыптауларын «таза эмоциялық тұрғыдағы сөздер» деп қабылдайтындығын және айыптаулардың бәрі негізсіз екендігін мәлімдеген еді Азаттық радиосына.
- Ұлттық қауіпсіздік комитеті Мұхтар Жәкішевтің денсаулығына зиян тигізетіндей әрекеттер жасаған жоқ. Керісінше, біз ғылыми медициналық орталықта дәрігерлік тексеру өткіздік. Оны толықтай тексеріп, туындаған мәселелердің себептері анықталды. Емдеуші дәрігерлер басшылықтың ешқандай қысымынсыз өз тұжырымын жасады.
Дәрігерлер өз қорытындысында «қазір науқас стационарлық ем қабылдауға мұқтаж емес, гиподинамия тұрақтанды және гипертониялық асқыну байқалмайды» деп жазды. Бұл қазанның 21-і күні қол қойылған қағаз, - деді Бекназаров.
«Қазатомпром» ұлттық компаниясының бұрынғы президенті Мұхтар Жәкішев «мемлекет мүлкін талан-таражға салды» деген айыппен биыл 21 мамырда тұтқындалып, содан бері ҰҚК-нің тергеу абақтысында отыр. 7 қазанда қылмыстық іс материалдары Жәкішев пен Бейсекеевке тапсырылды. Тергеу материалдары 39 томға түптелген.

ҰҚК тергеу абақтысында отырған топ-менеджер Мұхтар Жәкішевтің жұбайы Жәмила Жәкішева баспасөз конференциясында күйеуінің арызын оқып отыр. Алматы, 23 қараша 2009 жыл.

Белгілі мәдениеттанушы және жазушы Мұрат Әуезов баспасөз конференциясында. Алматы, 23 қараша 2009 жыл.
- Сот өз шешімін айтар. Ал, бірақ Мұхтар - өте білімді, сауатты азамат. Әсіресе, күрделі кезеңдерде Мұхтардай азаматтардың жағдайы біз үшін өте маңызды. Менің қарындасым, бес баланың анасы Жәмила, торға түскен құстай, Мұхтардың жағдайы туралы біздерге көптеген мәліметтер беріп жатыр. Сондықтан, менің ойымша, бірде-бір саналы азамат сырттай бақылаушы болып қалмауы керек деп білемін, - деді Әуезов.
Сонымен бірге Әуезов «Қазатомпром» компаниясының бұрынғы басшысының денсаулығын тексеретін тәуелсіз комиссия құрылуы керек дегенді ұсынып отыр.
- Уранның жағдайы не болып жатыр, Қазақстанның ба, жоқ әлде басқа мемлекеттердің мүддесі жатыр ма? Біз үшін әзірге құпия болып тұрған сауалдарға денсаулығы мықты кезінде Мұхтардың ашық жауаптарын бергені әрқайсымызға да қажет, - деді Әуезов.
Мұхтар Жәкішевті 30 жылдан астам уақыттан бері жақын танитындығын жеткізген саясаткер Әбілов, өзінің досының тұралап қалған «Қазатомпром» ұлттық компаниясының қайта дәуірлеуіне қосқан ерен еңбегін дәріптей келе, оның ұсталуын «трагедиялық қателік» деп атады.
ЖСДП "Азат" партиясының тең төрағасы Болат Әбілов баспасөз конференциясында. Алматы, 23 қараша 2009 жыл.
- Қандай да бір түсініксіз нәрселермен айыптау арқылы ҰҚК оның түбіне жететін болды. Ендігі жерде айыптаулардың ақылға сыйымсыздығын дәлелдеу үшін оның зорлық-зомбылық деуге болатын әрекеттермен сағын сындыру арқылы сол айыптауларды мойындатпақшы, - деген Әбілов.
Сонымен бірге, оппозициялық партияның басшысы Әбілов абақтыдағы Мұхтардың жағдайын апта сайын Жәмила Жәкішевамен бірге талқылап отыратындығын айтты.
ЖӘКІШЕВА КҮЙЕУІМЕН ЖАРТЫ ЖЫЛДА ТӨРТ МӘРТЕ КЕЗДЕСКЕН
Топ-менеджердің жұбайының айтуынша, Жәкішев ісі бойынша куәгерлер деп аталып, Астанада конспиративтік пәтерлерлерде тұратындығы жарияланған «Қазатомпром» компаниясының бұрынғы бес қызметкері туған-туыстарымен апта сайын кездеседі екен.
Ал Жәмила болса, Астанада ҰҚК-нің тергеу мекемесінде отырған жолдасымен кездесудің өте қиын екендігін айтып шағымданады.
- Маған кездесуге рұқсатты тергеу тобының жетекшісі Петровский ғана бере алады, шындығын айтар болсам, ол кісі ойына түскен уақытта ғана кездесу белгілейтін сияқты. Өйткені, бұл мәселеде белгілі бір кесте немесе келісім жоқ.
-Әдетте менің өзім қоярда-қоймай рұқсат алып отырамын. Абақтыға түскен жарты жылдан бері мен Мұхтарды төрт мәрте ғана көрдім, - деді Жәкішева.
Әдетте менің өзім қоярда-қоймай рұқсат алып отырамын. Абақтыға түскен жарты жылдан бері мен Мұхтарды төрт мәрте ғана көрдім...