Ақпанның 25-і Алматыдағы Абай ескерткіші маңында "Қарсылық жиыны" өтті. Бұл шараға келерде бірнеше саяси белсенді ұсталды. Жиынға жүздеген адам жиналып биліктің әрекеттерін айыптады. Митинг екі сағатқа созылды. Жиында "Назарбаев, кет!" деп ұрандағандар болды. "Қарсылық жиыны" басқа да қалаларда өтті.
Бұл жолы полиция күштері Абай ескерткішінің түбімен қоса сол маңдағы алаңқайды да темір шарбақтармен қоршап тастады. Жиын тротуар жиегінде өткізілді. Жиынның соңына қарай үстеріне оқ өткізбейтін киім киген полиция жасағы сақина құрап, жиналғандар шеңберін барынша тарылтуға тырысты.
Полиция күштері жиын басталғаннан бастап осындай шеңбер құрып тұрды. Олар шеңбер ішіне жиынға келген елді кіргізбеуге тырысты. Жиынға келгендердің кейбір шеңбер сыртында, көшенің қарсы бетінде тұрды. Өзара қол ұстасып тұрған полиция біртіндеп шеңбер аясын тарылтып отырды.
Жиынға барарында ЖСДП басшылары Жармахан Тұяқбай, Болат Әбілев және басқа да саяси белсенділер ұсталып, ішкі істер бөліміне әкетілді. "Общественная позиция" басылымының басшыларының бірі Ермұрат Бәпи және Бақытгүл Мәкімбай да ұсталып, полиция бөліміне апарылды.
К+ тілшілері түсірген бейнетаспаны осы арадан көре аласыздар
http://www.youtube.com/embed/koBt4EK1lnE
Жиында қарапайым азаматтар, зейнеткерлер мен жастар сөз сөйледі. Олар биліктің саяси белсенділерді қамауға алғанын және Жаңаөзен оқиғасында елге оқ атылғанын айыптады.
Мұндай жиынды наурыз айының 24-інде өткізу белгіленді. Сол күні Жаңаөзен оқиғасына жүз күн толады.
Алматыдағы жиыннан түсірілген видеокөріністі де осы сайттан көре аласыздар.
Осымен қарсылық шеруі екінші рет өтіп отыр. Бұған дейін қаңтардың 28-інде өткен митингіге мыңға жуық адам келген еді. Онда жиналғандар сайлау қорытындысына наразылық білдіріп, Жаңаөзендегі полиция күштерінің оқ атуын айыптаған болатын.
Шеруде сөйлегендер белсенділер тіркелмеген «Алға» партиясының жетекшісі Владимир Козловты, «Взгляд» газетінің бас редакторы Игорь Винявскийді, қоғамдық белсенділер Серік Сапарғали мен Айжангүл Амированы, Болат Атабаевты заңсыз қудалауды тоқтатуды талап етті. Алдыңғы шеруде «Кедендік одаққа қарсымыз, авторитарлы Путин мен Лукашенколармен бірге өмір сүргіміз келмейді», «Ел тағдырын бір адам емес халықтың өзі шешсін», «90-шы жылдары жекешелендірілген ірі кәсіпорындар мемлекетке қайтарылсын», «Жаңаөзендегі қарапайым халыққа оқ ату – қылмыстың қылмысы» Қаншама халықты қырғызып қойып қарап отырмайық» деген ұрандар көтерілген еді. Қаңтардың 28-інде өткен алғашқы қарсылық шеруі тыныш аяқталғанымен, оппозицияның кейбір жетекшілері әкімшілік жауапқа тартылды.
Алматыда ақпанның 25-і күні өткен жиынның толық видеосы:
http://www.youtube.com/embed/-3qoXQ6jcR0

Your browser doesn’t support HTML5