Жаңаөзен қаласының тұрғындары ереуілдеткен мұнайшыларды қолдау үшін пикетке шықты. Автобекетке жиналған мұнайшылар мұнай және газ министрімен кезедсуді талап етуде. «Қазмұнайгаз» Барлау Өндіру» акционерлік қоғамы кәсіподаққа мәмлеге келу турасында үндеу жариялады.
АКЦИЯЛАР ТАҒДЫРЫ АЛАҢДАТАДЫ
Наурыздың 15-сінде Жаңаөзен қаласындағы әкімшіліктің алдындағы Тәуелсіздік алаңына ереуілдеткен мұнайшыларды қолдау үшін бірнеше ондаған жергілікті тұрғын жиналды.Олардың қатарында қаладағы жұмыссыз жастар, студенттер, балалар үйінің түлектері, зейнеткерлер бар. Пикетке қатысушылар полицияның алаңды айнала қоршап тұрғанын баяндайды.
Алаңға келген жұмыссыз жүрген жастардың бірі Мұса Әлібеков. Ол Ақтау мемлекеттік университетін бітіріп, «мұнай игеруші» деген мамандық алғанына қарамастан, жұмысқа орналаса алмай жүргенін айтады.
- Сол себепті пикетке шықтым. Мақсатым - мұнайшыларды қолдап, қаланың әлеуметтік жағдайын жақсартуды талап етуге үн қосу,- деді ол Азаттық тілшісіне.
Ал мұнайшыларды қолдауға шыққан Нұрсулу Отарбаева - 2- топтағы мүгедек. Бірақ ол жұмысшылардың жағдайы мен «Өзенмұнайгаз» акциясы Қытайға сатылады дегенді естіп, үйде отыра алмадым дейді.
-Мұнайшылар ереуілдеткелі міне 12-ші күнге аяқ басты. Олар ұйқы-күлкі көрместен сол жерде тұр. Ал біздің үкімет қайда, парламенттегі депутаттар не қарап отыр? Ендігі даусымыз жер түбіне жететін уақыт болды. Сондықтан жаңа Мұнай және газ министрі Сауат Мыңбаевтың жаңаөзендіктердің алдына келуін талап етеміз. «Өзенмұнайгаз» компаниясының акциялары қайда екендігі жөнінде тиісті қағазды көрсетіп, түсіндірсін,-дейді Нұрсұлу Отарбаева.
Пикетке қатысып, мұнайшыларды қолдауға келгендердің арасында балалар үйінің бұрынғы тәрбиеленушісі Артур Сүлейменов та бар. Оның айтуынша бүгінде Жаңаөзендегі балалар үйінен шыққан 300-ге жуық тәрбиеленуші жұмыссыз, үйсіз, күйсіз жүр. Ол балалар үйінде тәрбиеленіп жатқан басқа жеткіншектердің болашақ тағдырына алаңдайтынын жасырмады.
-Кезінде бізге ақыл-кеңес берместен түрлі оқу орындарына бөле салды. Ол мамандықты қалаймыз ба, жоқ па бізден ешкім сұраған жоқ. Мәселен, мен медбратпын, бірақ электр жөндеуші болғым келген. Енді ол мүмкін емес тәрізді. Өйткені, бізді ешкім жұмысқа алмайды. Жатақхана ретінде берілген үш бөлмелі пәтерде 16 адам, кейде 20-30 жан болып тұрамыз. Ес жиып, үй болып бөлек кеткіміз келеді. Тұрақты жұмысқа орналасып, жақсы тұрмыс кешкіміз келеді. Мен балалар үйінде тәрбиеленіп жатқан басқа іні-қарындастарымызды да осындай жағдай күтіп тұрғанын ойласам, қабырғам қайысады,-дейді Артур Сүлейменов Азаттық тілшісіне.
8 бала тәрбиелеп өсірген 63 жасар зейнеткер Айкүн Сүлейменова балаларының тағдырын уайымдап келгенін айтты.
- Менің баларымның бәрі мұнайшы. Олардың қай-қайсысы да Өзенді Қытайға бермейді. Мен де оларды қолдаймын. Балаларымды қытайдың бодандығына беріп, ертең молада қалай тыныш жата алармын? Сондықтан биліктен тисті адамдар келіп, елге жайды түсіндірсін,-деді Айкүн Сүлейменова.
Ал Жаңаөзен қаласының әкімі Орақ Сарыбөпеев пикетке қатысушылар туралы ақпарды енді ғана алып отырмын дегенімен, мұнайшылардың жағдайы туралы түсініктеме беруден бас тартқан жоқ.
-Мұнайшылармен сөйлесіп, кеңеске шақырып жатырмыз. Олардың талаптары орындалды. Жалақысы бұрынғы күйінде тұр, ештеңе өзгерген жоқ. Ол туралы жұмыс беруші хабарлап отыр. Бірақ мұнайшылар кепілдік талап етіп отыр,-дейді Орақ Сарыбөпеев.
Сондай-ақ әкімнің айтуынша «Өзенмұнайгаз» өндірістік филиалы директоры Бағытқали Бисекен жергілікті теледидар арқылы «егер менікі қателік болса, мен кетуге дайынмын» деп ресми мәлімдеме жасаған.
МҰНАЙШЫЛАР КЕПІЛДІК ТАЛАП ЕТЕДІ
«Қазмұнайгаз» Барлау Өндіру» акционерлік қоғамының баспасөз хатшысы Дәулет Жұмаділ Азаттық тілшісіне наурыздың 14-і күні «Өзенмұнайгаз» өндірістік филиалы қызметкерлерінің кәсіподағы» қоғамдық бірлестігінің кәсіподақ комитеті төрағаларына ресми үндеу жарияланғанын хабарлады.
Компанияның бас директоры Кенжебек Ибрашев қол қойған бұл үндеуде филиал жұмысшыларының 90 пайыздан астамы кәсіподақ мүшесі екендігін ескере отырып, кәсіподақтың кезектен тыс конференциясын шақыруды ұсынған. Онда мұнайшылардың жұмыс берушіге қойған талаптарын жазып, бекіту, бітімгершілік комиссиясының құрамына мұнайшылардың өкілдерін сайлау мәселелерін қарау көзделген.
Бірақ «Мұнай-газ өндіру басқармасы-1» операторы Наталья Әжіғалиева кәсіподақ тарапынан ешқандай үндеуді естімегендіктерін айтады.
- Әзірге өзгеріс жоқ. Тек арамызға біресе кәсіподақ төрағасы Ибағаров, біресе «Қазмұнайгаз» Барлау Өндіру» АҚ бас директорының бірінші орынбасары Владимир Мирошников келіп құрғақ уәде береді. Оған сене алмаймыз. Бізге қағаз жүзіндегі кепілдік керек,- деп мәлімдеді Наталья Әжіғалиева
Сонымен мұнайшылар өз айтқандарынан қайтар емес. Олар жұмысшылар наразылығын заңсыз деп таныған наурыздың 10-ында шыққан Жаңаөзен қалалық соты шешіміне қарсылық білдіріп, облыстық сотқа апелляциялық арыз түсірген. Бұл арызда ереуілшілер жұмысты тоқтатуға «Қазмұнайгаз» Барлау Өндіру» АҚ мен «Өзенмұнайгаз» өндірістік филиалының басшылары себепкер болғанын көрсеткен. .
Жаңаөзендегі наурыздың 1-інен ішінара, ал 4-нен толықтай бастау алған мұнайшылар ереуілі әлі жалғасып жатыр. Олар қойған талаптары толық орындалмайынша, орындарынан жылжымайтындарын ескертуде. Қала жұртшылығы ертең алаңға тағы шығамыз дейді.

Тәуелсіздік алаңында пикетке қатысушы жұмыссыз мұнайшы жігіт Мұсабек Әлібеков. Жаңаөзен қаласы, 15 наурыз 2010 жыл

Ереуілге шыққан мұнайшыларды қолдауға жиналған пикетшілердің бір тобы. Жаңаөзен қаласы, 15 наурыз 2010 жыл.