Ақтауда Жаңаөзен оқиғасына қатысты сот процесі жалғасып жатыр. Наурыздың 29-ы күні болған үшінші отырыста ондаған жәбірленуші тыңдалды. Олардың басым бөлігі шығынды айыпталушы мұнайшылардан емес, мемлекеттен талап ететіндерін айтқан.
Журналист Саламат Омаштың айтуынша, жәбірленушілер: «Балаларды кінәлі деп есептемейміз. Бұлардың мойнына жүк артқымыз келмейді» деп, өтемақыны мемлекеттен сұрап отыр
«Жаңаөзен-2011» халықаралық комитетінің өкілі Ерлан Қалиевтің сөзіне қарағанда, жәбірленушілердің бірнешеуі – Жаңаөзен қалалық әкімшілігінің өкілі, «Сулпак» сауда орталығының қауіпсіздік бөлімінің қызметкері, БТА банк өкілі бұрынғы арыздарынан бас тартқан жоқ.
БАНКТЕ ТҮСІРІЛГЕН ВИДЕО
Ерлан Қалиевтің айтуынша, сотта адвокаттар БТА банкінің Жаңаөзен қалалық бөлімшесінде орнатылған бейнекамералардың таспаларын талап еткен. «Мемлекеттік айыптаушылар бейнематериалдарды көрсеткісі келмей, «егер оның барлығын қарай берсек, бір ай да жетпейді» деп, ақыры оқиға кезінде банк ғимаратынан түсірілген шағын-шағын видеолар көрсетілді дейді ол.
«Жаңаөзен-2011» халықаралық комитеті өкілінің айтуынша, үзік-үзік қысқа сюжеттерде бөтелкенің жанғаны, беттерін бүркеген жасөспірімдер байқалады.
– Бүкіл халық қарады ғой. Онда жап-жас балалар. Тіпті беттерін жапсын, қара киіммен болсын - жасөспірім екендіктері көрініп тұр. Дене бітіміне де қарап-ақ
Оның сөзіне қарағанда, видеоға қатысты адвокаттар тарапынан қойылған көптеген сұрақтар жауапсыз қалған.
«СОТ ЗАЛЫНДА ЖҮРІП СОТҚА КЕЛЕ АЛМАҒАН ПОЛИЦЕЙ»
Бүгін Twitter-дегі жазбаларда түстен кейін жәбірленуші ретінде полицейлердің сұралатыны туралы жазылды.
Ал Ерлан Қалиевтің айтуынша, сотта бірде-бір полицей сұралмаған, «есесіне көптің назарын аудартқан бір қызық жайт болған».
Оның айтуынша, түстен кейін судья Аралбай Нағашыбай көпшілікке: «Міне, 15-тен астам адам арыздарын тастап кеткен. Олар әртүрлі себептермен сотқа келе
– Шатастырмасам, Мылтықболов қой деймін... Мен енді оның кім екенін білмеймін. Бірақ залда отырған қарапайым жұрт біледі екен. Сөйтсе ол полицей екен. Соның фамилиясын атаған кезде халық шулап кетті: «Қалайша? Сот басталған кезде ол мұнда фойеде жүрді. Ол қалай келе алмайды? Бұл дұрыс емес, бұл масқара ғой!» деп шулағаннан кейін судья: «Жоқ, бұл тек арыз ғана. Біз әлі мұны қарастырамыз. Жай өздеріңізге айтқаным ғой бәленбай арыз түскенін» деп, не айтарын білмей абдырап қалды, – дейді Ерлан Қалиев.
Оның айтуынша, адвокаттар «Бұл арыздар нотариалды түрде бекітілген бе? Олардың өздері жазғанын қайдан білеміз? Бекітілуі керек» деген талап қойған.
ЗАЛДАН ЕКІ ЖУРНАЛИСТ ШЫҒАРЫЛДЫ
Облыстық баспасөз қызметінің рұқсатына қарамастан, түске дейін сотқа ноутбук алып кіргені үшін екі журналист – Саламат Омаш пен Жанар Қасымбекова залдан шығарылған.
Бұған дейін қалалық прокуратура өкілі журналистерге баспасөз орталығының
Үшінші күнгі сот процесіне алдыңғы екі күнге қарағанда адам аз келген.
Адам құқығын қорғау бюросының өкілі Гүлмира Қуатбекқызының айтуынша, үш күнгі отырысқа да Польша, Украина, Норвегиядан келген тәуелсіз бақылаушылар қатысқан.
Жаңаөзен оқиғасына байланысты наурыздың 27-сі күні басталған сот Ақтау қаласындағы «Арман» орталығында өтіп жатыр. Сотқа 37 айыпталушы, 100-ден аса жәбірленуші, 45 куәгер мен 6 мемлекеттік айыптаушы қатысып отыр.
Келесі сот отырысы наурыздың 30-ы күні Астана уақытымен сағат 11-де басталады. Ол күні де жәбірленушілер сұралуы керек. Қазір жәбірленушілердің шамамен 40-қа жуығы жауап берген.