Шығыс Қазақстан облысының апелляциялық алқасы құқық қорғаушы Жовтистің колония басшылығына қарсы шағымын қараудан бас тартты. Дегенмен, жарты жыл өткеннен кейін құқық қорғаушыға туыстарымен үш тәулікке кездесуге рұқсат берілді.
СӨГІСТІ ӨСКЕМЕНДЕ БЕРЕДІ, ШАҒЫМДЫ АЛМАТЫДА ҚАРАЙДЫ
Сәурдің 6-сы күні, Өскемен қаласындағы ОВ-156/13 колониясында жазасын өтеп жатқан Евгений Жовтистің шағым арызын облыстық сот қараудан бас тартты. Оған себеп – Жовтистің тұрғылықты мекенінің бұл облыс аумағында еместігі делінген соттың жауабында.
- Женяға техникалық қауіпсіздік инженерінің жұмысын істемегені үшін сөгіс жариялаған болатын. Ол өзінің бас тартуының себебін – бұл істі білмейтіндігімен, ешқандай дайындығының жоқтығымен түсіндірген еді, соған қарамастан оған колония басшылығы тарапынан сөгіс жарияланды. Бұл сөгістің ешқандай заңдық негізі жоқ екендігін алға тартқан ол колонияның басшылығының атына арыз шағым жазған еді. Алайда Шығыс Қазақстан облыстың аппһелляциялық алқасы оны қараудан бас тартты. Олар «азамат тұрғылықты мекені бойынша шағымдануы керек» дейді. Евгений соңғы жарты жыл бойы Өскеменде «тұратындығын» айтқанымызбен, олар оны Алматыда тіркелген деп бой бермей отыр, - дейді құқық қорғаушының әйелі.
Светлана Витковская мұның барлығын соттар оның күйеуіне қатысты істен қорқатындығымен байланыстырады.
ТҮРМЕДЕ ДЕ ҚҰҚЫҚ ҮШІН КҮРЕС
Евгений Жовтистің әйеліне айтуы бойынша, оған берілген сөгіске негіз болған Қазақстан Қылмыстық кодексінің 99-шы бабы – Қазақстан Ата заңына қайшы келеді.
- Алдымен ол өзінің сөгіске қатысты мәселесін шешіп алғысы келіп еді. Осы нақты істі көтере отырып Қазақстандағы барша сотталғандардың мәселесін шешу керектігі анықталып отыр. Себебі барлығы еріксіз еңбек етуге мәжбүр, ал ол Конституцияға қайшы, - дейді Светлана Витковская.
Бүгінде Евгений Жовтис қоныс-колониясына қарайтын тігін цехында жұмыс істейді.
Одан өзге Евгени Жовтиске өз туыстарымен ұзақ уақыт – 3 күнге қоныс-колониясынан тыс жерде кездесуге рұқсат берілді. Бұл туралы радиомызға хабарлаған оның әйелі Светлана Витковская сәуірдің 9-12-сі аралығында Евгений Жовтис туыстарымен бірге болуға мүмкіндік алып отыр дейді.
Адам құқы мен заңдылықтардың сақталуы бойынша халықаралық қазақстандық бюроның директоры Евгений Жовтисті Балқаш аудандық соты өткен жылы 3 қыркүйек күні жол жүру ережесін бұзу арқылы кісі өліміне себепкер болды деген айыппен 4 жылға бас бостандығынан айырып, жазасын қоныстану-колониясында өтеуге шешім шығарған болатын.