Режиссер Азиз Заировпен онлайн-конференция тақырыбы балалар үйлері тәрбиеленушілерін мен мүмкіндігі шектеулі адамдар проблемалары және бұл мәселенің өнерде көрініс табуына арналады.
Темірбек Жүргенов атындағы ұлттық өнер академиясының түлегі режиссер Азиз Заиров Алматыда балалар үйінде тәрбиеленген, екінші топтағы мүгедек.
Соңғы жылдары Азиз Заиров мүгедек балалардың ата-аналары ассоциациясы (АРДИ) жанындағы мүгедек жастардың «Жаңа әлем» («Новый мир») видеостудиясында жұмыс істейді. Ол досы – қазақстандық кинематографист Мұхамед Мамырбековпен бірге әлеуметтік киножобалар жасаған. Олардың өз қаржыларына түсірген алғашқы жұмыстары – «Қысқы көбелектер» атты қысқа метражды фильм «Кино дертке қарсы» қайырымдылық фестивалінің гран-при жүлдесіне ие болған.
Заиров пен Мамырбековтың бірге түсірген шығармаларының бірі – «Быть или не быть?» атты толық метражды фильмде арбаға таңылған мүгедектер жайлы баяндалады. Бұл фильм бірнеше халықаралық кинофестивальдарда жүлде алған.
«Быть или не быть?» фильмінің қос авторына жақында Сан-Франциско кинофестивальна шақыру алған. Қазір олар өздеріне барып-қайтар жол шығынын көтеретін демеуші іздеп жүр.
Режиссер Азиз Заировтың «Быть или не быть?» фильмінің трейлері:
Режиссер Азиз Заировпен жұма, шілденің 17-і күні, Астана уақытымен сағат 15.00-де орыс тілінде өтетін онлайн-конференцияға сұрақтарды мына жерде қоюға болады. Қойылатын сауалдардың форум ережесіне сай болуы сұралады.