Джон Фицджеральд Кеннедидің әкесі Джозеф Кеннеди (солдан санағанда екінші) мен анасы Роуздың (солдан санағанда үшінші) 1938 жылы Лондонда балаларымен түскен суреті. Оңнан солға қарай: Кэтлин, Эдвард (Тед), Патриция, Джин және Роберт.
Джон (оң жақта) мен ағасы Джозеф Кеннеди (сол жақта) әкелері Джозефпен (ортада) «Нормандия» француз кемесінің палубасында отыр. АҚШ, 1938 жыл. (Джозеф 1944 жылы соғыста қаза тапты)
Лейтенант Джон Кеннедидің (оң жақта) АҚШ әскери теңіз күштері қатарында қызмет кеткен кезі. Гуадалканал аралы, PT-109 торпедо катері, 1943 жыл.
АҚШ-тағы Демократиялық партияның президент сайлауына ұсынған кандидаты Джон Кеннеди үгіт-насихат науқаны кезінде сөйлеп тұр. Нью-Йорк, 14 мамыр 1960 жыл.
АҚШ вице-президенті, республикашыл Ричард Никсон (оң жақта) мен оның оппоненті, Демократиялық партия кандидаты Джон Кеннедидің телевизиялық дебатқа шыққан кезі. Чикаго, 26 қыркүйек 1960 жыл.
Кеннеди АҚШ-тың 35-президенті ретінде ант беріп тұр. Вашингтон, 20 қаңтар 1961 жыл.
Президент Кеннеди Конгресте 1970 жылға қарай Айға алғашқы адамды ұшыру үшін қаражат бөлу жөнінде сөйлеп тұр. АҚШ, 26 мамыр 1961 жыл.
Джон Кеннеди мен СССР басшысы Никита Хрущев Кариб дағдарысының алдында тұңғыш рет кездескен еді. Вена, 1961 жыл.
Президент Кеннеди қызы Кэролайн мен ұлы Джонды ойнатып отыр. Вашингтон, Ақ үй, 10 қазан 1962 жыл.
Президент Кеннеди Ақ үйде АҚШ-тың Кубаға қару беруден бас тартатыны туралы мәлімдемеге қол қойып отыр. 1962 жыл.
Президент Кеннеди Берлинде сөйлеп тұр. Оның екіге бөлінген Берлин қаласының тұрғындарына айтқан "мен де Берлиндікпін" деген сөзі кейіннен мәтелге айналып кетті.
Кеннеди мен оның әйелі Жаклин көлікте отыр. Кеннеди қаза табардан бірнеше минут бұрын түсірілген сурет. АҚШ, Даллас, 22 қараша 1963 жыл.
Жерлеу рәсімі. Вашингтон, 25 қараша 1963 жыл.
Джон Кеннедидің әйелі Жаклин Кеннеди, балалары Кэролайн және Джон, қаза тапқан президенттің бауырлары Эдвард (артқы қатардағы сол жақта) пен Роберт (артқы қатардағы оң жақта). Вашингтон, 26 қараша 1963 жыл.