Хиросима қасыреті

Америкалық әскерилер түсірген бұл фотосурет Хиросиманың мемориалдық музейінде сақтаулы тұр.

Атом бомбасы тасталғаннан кейінгі Хиросима.

Хиросимадағы бейбітшілік мемориалдық бағы.

Хиросимадағы бейбітшілік мемориалдық бағындағы ескерткіш.

Атом бомбасы салдарынан қайтыс болған жапон қызы Садко Сасакиге қойылған ескерткіш.

Хиросимадағы атом бомбасы жарылысын өткерген эвкалипт ағашы.

1 тамыз 2015 жыл. Хиросимаға тасталған атом бомбасы жарылысынан соң тірі қалған 82 жастағы Мицуо Кодама «Атом күмбезі» – соғысқа дейін Жапония сауда-өнеркәсіп палатасының көрме орталығы болған ғимараттың жанында тұр. Жарылыс эпицентрінен небары 160 метрде тұрған бұл ғимаратты атом бомбасы қатты бүлдіргенімен оның қабырғаларының бір бөлігі құламай қалған.

ЮНЕСКО ұйымының дүниежүзілік мәдени мұралар тізіміне енгізілген «Атом күмбезі» («Гэмбаку күмбезі») мен оның маңында ілінген Жапония туы.

Хиросимадағы «Атом күмбезі». Тамыздың 6-сы күні Хиросима қасіретіне 70 жыл толуына арналған еске алу шарасына қатысуға жүзден аса елден, соның ішінде, АҚШ, Ұлыбритания, Ресей және Франция өкілдеріне шақыру жіберілген.

Фукусима университетінің бұрынғы жетекшісі, 89 жастағы Акира Ямада - атом бомбасы жарылысын басынан өткергендердің бірі.

Хиросимаға тасталған Little Boy («Бөбек») атты атом бомбасының макеті қаладағы бейбітшілік мемориалдық бағына қойылған.

Хиросима бейбітшілік мемориалдық бағында құрбандарды еске алып отырған қарт әйел. Тамыз, 2013 жыл.

Хиросима бейбітшілік мемориалдық бағында құрбандарды еске алу рәсімі кезінде түсірілген сурет. Тамыз, 2014 жыл.