Кришнаиттердің «Джанмаштами» фестивалі
Алматы маңында орналасқан «Кришна санасы» қоғамына қарасты фермадағы «Джанмаштами» мерекесіне орай ілінген плакат. Алматы облысы, 12 тамыз 2012 жыл.
Кришнаиттер қоғамы ұйымдастырған үйлену тойына келгендердің арасында балалар да көп болды. Алматы облысы, 12 тамыз 2012 жыл.
Үйлену тойына дайындық. Ортада – күйеу жігіт Дмитрий. Алматы облысы, 12 тамыз 2012 жыл.
Үйлену тойына дайындық. «Кришна санасы» қоғамы мүшелері Киелі От жанына жеміс-жидек қойып жатыр. Алматы облысы, 12 тамыз 2012 жыл.
Кришнаидтердің сенімінде сиыр – қасиетті жануар. Себебі Кришна құдайдың есімдерінің бірі – Говинданың есімі «Сиырдың қожасы Кришна» деп аударылады. Алматы облысы, 12 тамыз 2012 жыл.
«Кришна санасы» қоғамы ұйымдастырған тойға келушілердің бірі. Алматы облысы, 12 тамыз 2012 жыл.
Жас жұбайлар гүлдер өрілген моншақты бір-бірінің мойнына іліп жатыр. Алматы облысы, 12 тамыз 2012 жыл.
Тойға келген қонақтар. Алматы облысы, 12 тамыз 2012 жыл.
Неке қию рәсімі кезінде күйеу жігіт оң қолын қалыңдықтың жүрек тұсына қойып мантра оқиды, бұл «сенің жүрегің - менікі, ал менікі - сенікі» деген мағынаны білдіреді. Алматы облысы, 12 тамыз 2012 жыл.
Кришна құдайы алдында некесін қидырғалы тұрған Дмитрий мен Татьяна. Алматы облысы, 12 тамыз 2012 жыл.
Қыздар соңғы дайындық кезінде. Алматы облысы, 12 тамыз 2012 жыл.
Некелесу рәсіміне дайындық. Алматы облысы, 12 тамыз 2012 жыл.
Кришнаит қауымы өздерінің рухани ұстазы – гуруге бас иіп жатқан сәті. Алматы облысы, 12 тамыз 2012 жыл.
Фермадағы тойға жиналған балалар Қасиетті сиырмен бірге серуендеп жүр. Алматы облысы, 12 тамыз 2012 жыл.
«Кришна санасы» қоғамына тиесілі алма бақ. Алматы облысы, 12 тамыз 2012 жыл.