Қырымдағы қызғалдақ көрмесі

Көрмедегі қызғалдақтың 189 түрінің 170-і - шетелдік селекционерлер өнімі, 19 түрі мен будандастырылған сорттары Никита ботаникалық бағы қызметкерлерінің шығарғаны. 

Никита ботаникалық бағы шығарған қызғалдақтың екі будандастырылған түрі көрмеге бірінші рет шығарылып отыр. 

Никита ботаникалық бағы Қырымның оңтүстік жағалауында, Никита ауылы мен Қара теңіз аралығында орналасқан.  

Бақ екі ғасыр бұрын Ресей императоры Александр I-нің бұйрығымен құрылған .

Қызғалдақтар көрмесінің ашылу салтанатында билеп жатқан оқушылар.

Қызғалдақтар көрмесіне келген жас артистер. 

Ботаникалық бақта өсімдіктің мыңдаған түрі бар, мұнда тіпті өсімдіктердің сирек түрлері де кездеседі.  

Никита ботаникалық бағының ресми сайтында бақтың "ашық аспан астындағы өсімдіктер музейі" екені жазылған.  
 

Бұл жерді жұрт саябақтарды абаттандырудың үлгісі деп те санайды. 

Қызғалдақтар көрмесінің кураторы, Никита ботаникалық бағының ғылыми қызметкері Людмила Александрова.

Никита ботаникалық бағына жұрт жыл он екі ай келіп жатады. Қызғалдақтар көрмесінен бөлек бұл жерде басқа гүлдердің де көрмелері өтеді.  

1995 жылы Қырымдағы ботаникалық бақтың атауы шағын планетаға берілді. № 4480 планета қазір «Никитиботания» деп аталады.