Құрт бизнесі
Журорқул ет тартатын құралды құрт әзірлеуге қолданады.
Журорқул құрт жасау үшін қатықтың килограмын 25 сомнан (40 центке жуық) алады. Оттук ауылы тұрғындары Журорқулға қатықты өздері жеткізіп береді.
Журорқул күніне 20 килограмдай қатық сатып алады.
Құртты осындай қатықтан жасайды.
Қатықты айранды сүзіп алады. Айраннан қатық сүзу үшін оған тұз қосады.
Журорқул қатықты ет тартатын құралдан өткізіп жатыр.
Қатық ет тартатын құралдан шыққан соң оны кеседі.
Кесілген қатық.
Құртты әйнекпен домалақтайды.
Мұнан соң құртты кептіру керек.
Журорқулдың айтуынша, 10 килограмм қатықтан үш килограмм құрт шығады.
Дайын құртты Журорқул Бішкектегі базарға апарады. Саудагерлер өнімнің килограмын 130-150 сомнан (екі доллардан сәл асады) алады.
Журорқулдың айтуынша, бір жылдың ішінде ол бір тонна құрт әзірлей алады.
Кептіруге дайын құрт.
Дайын өнім.