Қырым татарлары Межлисін қолдау акциясы
Ресей аннексиялап алған Қырым билігі 2016 жылы 26 сәуір күні Қырым татарлары Межлисінің қызметіне тыйым салды. Ұйым экстремистік деп танылып, Ресей аумағындағы қызметіне тыйым салынды.
Қырым түбегінде байырғы халық жергілікті тұрғындардың 12 пайызы ғана болып отыр. Қырым татарларының саны - екі жарым миллион адам. Қырымды Ресей басып алғалы түбектің байырғы халқы өкілдері қысым көріп келеді.
Әлемнің түкпір-түкпіріндегі белсенділер Қырым татарларын #StopCrimeanTatarGenocide хэштегі арқылы қолдап отыр.
Киевтегі акцияда Межлис төрағасы Рефат Чубаров сөйледі.
Белсенділер Кремль түрмеге қамаған саяси тұтқындар - Ильми Умеров, Ахмет Чийгоз және басқа белсенділердің суреттерін көтеріп шықты.
Белсенділер қоғамды Қырым татарларына қарсы ұйымдастырылған қуғын-сүргінді ұмытпауға шақырды.
Межлис төрағасының орынбасары Ильми Умеровтің қызы Айша.
Қырым аннексияға ұшыраған екі жарым жылдың ішінде 15 адам хабарсыз кетті, сегіз адамның мәйіті табылды. Жоғалып кеткендердің көбі – Қырым татарлары.
Акция кезінде белсенділер Қырым татарларын қудалауды тоқтату туралы петиция жазды.