Қырымда жоғалғандарды қолдау акциясы

Ресей Қырымды аннексиялап алғалы бері түбекте 15 адам жоғалып кеткен, кісі қолынан қаза тапқан кемінде сегіз адамның сүйегі табылған.

Донбастан қоныс аударған Сергей мен Қырымнан көшкен Людмила акция кезіндегі перфоманста Қырымда хабарсыз кеткен ұлдарын күткен ата-ананы бейнеледі. 

Эрвин Ибрагимовті 2016 жылғы мамырдың 26-сы күні Бақшасарай маңындағы жеке үйінен ұрлап әкеткен. Оның тағдыры әлі күнге белгісіз қалып отыр.

Киевтегі Ресей елшілігі алдында Қырымда жоғалған азаматтарды қолдау акциясын өткізіп тұрған адамдар.

«Біз оларды ұмытпағанымызды көрсетуге тиіспіз. Бәлкім, бұл жоғалғандардың туған-туыстарының оларды үнемі еске салып отыру биліктің (Қырпым билігі) ештеңе болмағандай кейіп танытуына жол бергізбес деген соңғы үміті болар» дейді Қырым татарларының белсендісі Рүстем.

«Қырым SOS» белсенділері жоғалғандар тағдырына бей-жай қарамайтын барша азаматтарды Киевтегі Ресей елшілігі алдындағы акцияға келуге шақырады.

Жоғалғандар әлі тірі шығар деген үміт оты сөнген жоқ.

Қырымда жоғалып кеткен азаматтарды қолдау акциясына қатысушылар.

Мәскеудің Қырымды аннексиялап алғанына қарсылық білдіргені үшін Ресей түрмесінде екі жылға жуық қамауда болған бұрынғы саяси тұтқын Геннадий Афанасьев.

Жоғалған адамдардың қайда екені туралы сұрақтар жауапсыз қалып отыр.