Қырым татарлары туы мерекесі

Жыл сайын маусымның 26-сы күні Қырым татарлары ұлттық байрақ күнін атап өтеді.

Биылғы шара Киевтің орталығындағы шеруден басталды. Қырым татарларының туын көтерген белсенділер Крещатик пен Богдан Хмельницкий көшесі қиылысынан бастап Тәуелсіздік алаңына (Майдана Незалежності) дейін жүріп барды.

Қырым татарлары Межлисі төрағасы Рефат Чубаров шеру кезінде ұлттық байрақты көтеріп келе жатыр.

Шара басталғанда оған қатысушылар Украина мен Қырым татарларының ұлттық әнұрандарын шырқады.

Шараға қатысушылардың бірі таққан қара көзілдіріктен Тәуелсіздік алаңында желбіреген Қырым татарларының туын көруге болады.

Қырым татарлары туы күніне байланысты өткізілген шеруге қатысушылар Киевтегі Тәуелсіздік алаңында.

Бұл күні Қырым татарлары туы күніне арналған автошеру де ұйымдастырылды.

Қырым татарлары Межлисі төрағасының орынбасары Ильми Умеров Киевтің Тәуелсіздік алаңында Украина туын көтеріп тұр.

Украинаның құрлықтағы бөлігіндегі Қырым мұсылмандары діни басқармасының мүфтиі Айдер Рустемов.

Қырым татарларының 1917 жылғы маусымдағы құрылтайында тарақ таңбалы туы қабылданып, бекітілген. 1944 жылы совет билігі Қырым татарларына "сатқын" деген айдар тағып, тұтас халықты атамекенінен жаппай жер аударып, ұлттық туына тыйым салған. 1991 жылы маусымның 26-сы мен 27-сі күндері Симферопольде өткен Қырым татарлары құрылтайында ұлттық өкілетті орган – Межлисті сайлап, ұлттық туды қайта жаңғыртқан.

1999 жылдан бастап Қырым татарлары Межлисі Украина президенті жанындағы қырым татарларының ресми өкілдігі ретінде мойындалды. 2010 жылдан бастап маусымның 26-сы – Қырым татарлары туы күні ретінде атап өтіледі.

Қырым татарларының аспан түстес ұлттық туында алтын тарақ таңбасы бар. 2014 жылы наурызда Ресей Қырым түбегін аннексиялап алғаннан кейін Қырым татарларының туы қарсылық символына айналған.

Украина астанасындағы Қырым татарлары туы күніне арналған шараға қатысушылар.

Қырым татарлары туын көтеріп келе жатқан жастар.

Қырым татарлары туы күніне арналған шара кезінде Қырым татарлары өнерпаздары ән шырқады.

Киевтегі Қырым татарлары туы күніне арналған шараға қатысушы жас.