Киевтегі белсенділер хабарсыз кеткен қырымдықтарды табуды талап етті
«КримSOS» ұйымының үйлестірушісі Тамила Ташева «Ресей билігіне дауысымыз жетуі қиын екенін түсінеміз. Бірақ біз талап етуіміз керек. Бір апта бұрын бұрынғы Югославия аумағында қылмыс жасаған серб лидерлерінің бірінің соты өтті. Владимир Путин мен оның жандайшаптары да Қырымда жасаған қылмыстары үшін сотқа тартылады» дейді.
Белсенділер Ресей елшілігінің есігін қағып тұрғандарын осы суретпен білдірді.
Акция кезінде перформанс қойылды. Адамдар кезекке тұрып, Ресей елшілігінің есігін "қағып", хабарсыз кеткен қырымдықтардың аты-жөндерін атап, олардың қайда екенін сұрады.
Ресей елшілігі өкілдері мен дипломаттары белсенділерге жауап беруге шықпады.
Белсенділер мәліметіне қарағанда, Қырым аннексиясынан бері 44 қырымдық хабарсыз кеткен. Олардың 17-сі табылған, 16-сы ұшты-күйлі жоғалып кеткендер қатарына жатқызылған, алты адамның мәйіті табылған, екі адам абақтыда деп саналады.
Қырым құқық қорғаушылары тобы жоғалған қырымдықтардың көбінің хабарсыз кетуін Ресей билігінен және Ресей әскерінің әрекеттерінен көреді.
Украинадағы Ресей елшілігі қандай да бір реакция білдірмеді.
Хабарсыз кеткен адамдар жылдан-жылға көбейіп келеді.