Қырғызстанның бұрынғы президенті Асқар Ақаев Бішкекке келді
Your browser doesn’t support HTML5
Қырғызстанның бұрынғы президенті, 2005 жылғы "қызғалдақ революциясы" кезінде Ресейге қашып кеткен Асқар Ақаев он алты жылдан соң Бішкекке келді. Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитеті экс-президент тергеу шарасы үшін жеткізілгенін хабарлады. Ақаев Қырғызстанда бір апта болып, "Құмтөр" алтын кенішіндегі жемқорлық ісіне қатысты тергеу сұрақтарына жауап беремін деді. Ол "елге келуіне жол ашқан" Қырғызстанның қазіргі президенті Садыр Жаппаровқа ризашылығын білдірді.