Атамбаевтың «бір адамның ойына келгенін жасайтыны» жайлы айтқаны
Your browser doesn’t support HTML5
Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаев қазанның 27-сі күні "қазақ-қырғыз шекарасындағы кейінгі оқиғалар Еуразия экономика одағынан (ЕАЭО) көп үміт күтпеу керек екенін көрсеткенін" айтты. Интеграциялық одақты сынаған Атамбаев "өйткені, бір адам ойына келгенін жасайтын одаққа, тіпті ол әлемдегі ең ұлы адам болған күннің өзінде сенуге болмайды" деп мәлімдеді. Атамбаев оның кім екенін айтқан жоқ. Осы айда Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы шекарадан өту мәселесі қиындап кетті. Шекара пункттерінде Қазақстанға өтетін жолаушылар мен көліктер кептелісі пайда болды. Кейбір бақылаушылар шекарадан өтудің қиындауына Атамбаевтың бұдан бұрын Қазақстан билігін сынауы себеп болды деп болжайды. Азаттықтың Қырғыз қызметінің видеосы.