"Ұлым қазақ емес!"
Your browser doesn’t support HTML5
Қазақстанда ұсталған Қырғызстан депутаты Дамирбек Асылбекуулуның әкесі Асылбек Супатаев Астана Бішкекке ұсынған мәліметтерге қатысты сұхбат берді.
Қазақстан Қырғызстан парламентінің депутаты Дамирбек Асылбекуулу Жамбыл облысының Қордай ауданында туған, ұлты қазақ екенін хабарлаған еді.Қазақстан Ішкі істер министрлігі мемлекеттік тіл және ақпарат департаментінің директоры Алмас Садубаевтің айтуынша кәмелетке толған соң Асылбекуулуна туу туралы куәлігінің негізінде жеке басын куәландыратын құжат пен Қазақстан азаматы деген төлқұжат берілген.
Қазақстан бас прокуратурасы ақпан айының ортасында елдің оңтүстік облыстарында арнайы органдар «контрабанданың жолын кесу» операциясы барысында 35 адам, оның ішінде депутат Дамирбек Алмасбекуулу бар, Қырғызстанның үш азаматы ұсталғанын хабарлаған.