Александр Осадченконың Бішкектегі қамау мерзімі тағы бір айға ұзартылды. Қазақстанда өзін қудалап жатыр деген құқық қорғаушы Қырғызстаннан саяси баспана сұраған.
Құқық қорғаушыны қамау мерзімін ұзарту туралы шешімді тамыздың 7-сі күні Бішкектің Свердлов аудандық соты шығарды.
Қарағандылық құқық қорғаушы Александр Осадченко екі айдан бері Бішкектің тергеу абақтысында отыр. Құқық қорғаушының өкілі Ксения Филимонованың айтуынша, оны маусымның 10-ы күні Бішкекте белгісіз біреулер көшеден ұстап әкетуге әрекет жасап, кездейсоқ адамдар ара түсіп алып қалған. Дегенмен оқиға орнына жеткен қырғыз полициясы Осадченконы алып кетіп, содан бері абақтыда ұстап отыр.
Құқық қорғаушының адвокаты Елена Ткачева Қырғызстанның бас прокуратурасына түсірген арыз шағымында оны Қазақстанға қайтармауды сұрайды. Осадченконы Қазақстанда азаптауы мүмкін деп алаңдайды. Бұл арыздың көшірмесін Азаттық радиосына құқық қорғаушының өкілі Ксения Филимонова жіберді.
- Қылмыстық кодекстің 177-бабы (алаяқтық) бойынша айыпталған Осадченко Қазақстанның сұрауы бойынша қамауға алынған. Қазір оны елге қайтару мәселесі қарастырылып жатыр. Дегенмен бұл тез арада шешіле қоймас, - деді Ксения Филимонова.
Өкілдің айтуынша, қазір Қырғызстанның бас прокуратурасы істі тоқтатқан. Себебі Осадченко тамыздың 1-інде Қырғызстан президентінің атына өзіне саяси баспана беруді сұрап өтініш жазған.
Филимонованың сөзінше, Осадченкоға қарсы «негізсіз қозғалған қылмыстық іс» оның кәсіби қызметімен байланысты. Қарағанды облысындағы Приозерскіде қызмет ететін құқық орғаушы қарапайым азаматтардың құқығын қорғау бойынша полиция қызметкерлерін сотқа беріп келген.
- Жаңаөзен оқиғаларынан кейін Қазақстан билігі өзіне қарсы шыққандардың (барлық құққықорғаушылардың, қарапайым адамдар мен өздерін сынағандардың) аузын жабуға бұйрық берді. Александр Иванович қарапайым азаматтарға көмектесіп келді. Ол 150-ге тарта істі сотқа жеткізді, олардың ішінде полиция қызметкерлерін жауапқа тарту туралы істер аз емес. Ол жоғары билікке төменде болып жатқан бассыздықтар туралы көп жазды, - дейді ресми өкіл.
Филимонова берген ақпаратқа қарағанда Осадченконың белсенді қызметінің нәтижесінде екі бірдей прокурор жұмысынан айырылған.
Өкілдің хабарлауынша, 2009 жылы Осадченко шаруашылық дауы бойынша соттасып жатқан екі тараптың бірін қорғап қызмет көрсетіп жүрген. Көп ұзамай оның өзі куәгерден айыпталушыға айналып шыға келген. Оған алаяқтық жасап 2 миллион теңге жымқырды деген айып тағылған. Филимонова көрсеткен қазақстандық қаржы полициясы жазған анықтама көшірмесінде Осадченконың «қылмыстық іс қозғалғанға дейін бой жасырып үлгергені» көрсетіледі.
Ксения Филимонова қырғызстандық құқық қорғаушылар тамыздың 3-і күні елдің бас прокуратурасы алдында Александр Осадченконы Қазақстанға қайтармауды талап етіп, пикет өткізгенін айтты.
Қазақстанның сыртқы істер министрлігі Осадченокның қамауға алынғанынан хабардар екенін айтып, бұл істің мән-жайын ішкі істер министрлігінен сұрауға кеңес берді. Ішкі істер министрлігі әзірге жауап берген жоқ.
Құқық қорғаушыны қамау мерзімін ұзарту туралы шешімді тамыздың 7-сі күні Бішкектің Свердлов аудандық соты шығарды.
Қарағандылық құқық қорғаушы Александр Осадченко екі айдан бері Бішкектің тергеу абақтысында отыр. Құқық қорғаушының өкілі Ксения Филимонованың айтуынша, оны маусымның 10-ы күні Бішкекте белгісіз біреулер көшеден ұстап әкетуге әрекет жасап, кездейсоқ адамдар ара түсіп алып қалған. Дегенмен оқиға орнына жеткен қырғыз полициясы Осадченконы алып кетіп, содан бері абақтыда ұстап отыр.
Құқық қорғаушының адвокаты Елена Ткачева Қырғызстанның бас прокуратурасына түсірген арыз шағымында оны Қазақстанға қайтармауды сұрайды. Осадченконы Қазақстанда азаптауы мүмкін деп алаңдайды. Бұл арыздың көшірмесін Азаттық радиосына құқық қорғаушының өкілі Ксения Филимонова жіберді.
- Қылмыстық кодекстің 177-бабы (алаяқтық) бойынша айыпталған Осадченко Қазақстанның сұрауы бойынша қамауға алынған. Қазір оны елге қайтару мәселесі қарастырылып жатыр. Дегенмен бұл тез арада шешіле қоймас, - деді Ксения Филимонова.
Өкілдің айтуынша, қазір Қырғызстанның бас прокуратурасы істі тоқтатқан. Себебі Осадченко тамыздың 1-інде Қырғызстан президентінің атына өзіне саяси баспана беруді сұрап өтініш жазған.
Филимонованың сөзінше, Осадченкоға қарсы «негізсіз қозғалған қылмыстық іс» оның кәсіби қызметімен байланысты. Қарағанды облысындағы Приозерскіде қызмет ететін құқық орғаушы қарапайым азаматтардың құқығын қорғау бойынша полиция қызметкерлерін сотқа беріп келген.
- Жаңаөзен оқиғаларынан кейін Қазақстан билігі өзіне қарсы шыққандардың (барлық құққықорғаушылардың, қарапайым адамдар мен өздерін сынағандардың) аузын жабуға бұйрық берді. Александр Иванович қарапайым азаматтарға көмектесіп келді. Ол 150-ге тарта істі сотқа жеткізді, олардың ішінде полиция қызметкерлерін жауапқа тарту туралы істер аз емес. Ол жоғары билікке төменде болып жатқан бассыздықтар туралы көп жазды, - дейді ресми өкіл.
Филимонова берген ақпаратқа қарағанда Осадченконың белсенді қызметінің нәтижесінде екі бірдей прокурор жұмысынан айырылған.
Қаржы полициясы жазған анықтама көшірмесінде Осадченконың «қылмыстық іс қозғалғанға дейін бой жасырып үлгергені» көрсетіледі.