Мектеп ашық, мейрамхана толы. Пандемия жағдайындағы Швеция
Көктем шуағына малынып, мейрамханада тамақтанып отырған Стокгольм тұрғындары. 26 наурыз 2020 жыл.
Стокгольмдегі пабта сыра ішіп отырған тұрғындар. 23 наурыз 2020 жыл.
Стокгольм алаңын күзетіп жүрген король гвардиясының сарбаздары. 25 наурыз 2020 жыл.
Стокгольм орталығы. Коронавирусқа байланысты билік бірқатар шектеу шараларын енгізгенмен Швецияда мектеп, дүкен, мейрамхана мен барлардың басым бөлігі ашық. 27 наурызда швед билігі 50 адамнан асатын қоғамдық шараларға тыйым салды. Салыстыру үшін: мысалы, Германияда екі адамнан артық жиналуға тыйым салынған. Ал Чехияда полиция маска тақпағандарға айыппұл салады.
Гүлдеп жатқан жеміс ағашының жанында селфиге түскен әйел. 22 наурыз 2020 жыл. Швеция үкіметі бұған дейін созылмалы ауруға шалдыққан 70-тен асқан тұрғындарға үйден шықпауға кеңес берген. Қалған азаматтарды үйден жұмыс істеуге, мүмкіндігінше оқшаулануға үндеді.
"Біз әлі ашықпыз" деген жазуы бар дәмхана маңына қойылған тақта. 27 наурыз 2020 жыл. Швецияның мемлекеттік эпидемиологы жақында мектептерді жаппау туралы шешімді қолдап, сөйледі. Оның айтуынша, егер балалар үйде қалса, онда ата-аналарының да үйде отыруына тура келеді. Онда медицина сияқты маңызды салада дәрігер тапшылығы туындайды. Егер оқу орындары жабылса, онда балалар ересектермен жиірек араласып, инфекцияның жылдамырақ таралуына түрткі болады дейді.
Швецияда көптеген тұрғындар биліктің коронавируспен күрес саясатын сынады. Umea университетінің профессоры Фредрик Элг жергілікті ақпарат құралдарына берген сұхбатында "Стокгольмді карантинге жапса, дұрыс болар еді. Инфекцияның таралмауына қажетті дәрежеде күш салмай отырған жалғыз ел біз шығармыз. Бұл күрделі мәселе" деп айтқан.
Стокгольмдегі мейрамханалардың бірі. 25 наурыз 2020 жыл. Көптеген елдер басында Швецияға ұқсас саясат ұстанған. Бірақ коронавирус жылдам тарала бастағаннан кейін бағытын күрт өзгертті.
Гетеборгтегі дала госпиталі. Оны коронавирус табылған науқастарды орналастыру үшін салған. 10 млн халқы бар Швецияда 3 мыңнан астам адамнан вирус табылған. 92 адам қайтыс болған. Салыстыру үшін: мысалы, мектептер мен кәсіпорындарды жауып, оннан астам адамның жиналуына тыйым салған көрші Данияда екі мыңнан астам адамнан коронавирус табылған. 52 адам көз жұмған. Данияда 5,7 млн адам тұрады.