"Қорқынышты фильмдегідей". Ресейдің артиллериялық шабуылынан зардап шеккен Дружовка қаласы

Дружовка тұрғыны Ресейдің артиллериялық шабуылынан қираған үйдің алдында отыр. Дружковка Словянск қаласынан 32 шақырымда орналасқан. Қазір Ресей әскерилері Донбасс аймағын толық басып алу үшін Словянск қаласына да шабуылды үдеткен. 5 маусым 2022 жыл. 
 

Ресей әскерінің снаряды түскен жер. Дружовка.  5 маусым 2022 жыл. 

Үйіне ракета түсіп, жараланған Елена Головкоға көршісі көмектесіп жатыр. 
 

Ресейдің шабуылынан қираған үй. 

Тұрғындар шабуылдан аман қалған заттарын жинап жатыр. 

Қираған үйдің ішінде отырған ит. 

Ресейдің артиллериялық шабуылынан бір қарт адам қаза болған. Дружовка тұрғындары марқұмның үйінің алдында тұр. 

Тұрғындардың бірі шабуыл "қорқынышты фильмдегідей болды" дейді. 

Донецк облысындағы майдан шебінде жүрген украиналық әскери. Облыс мэрі Сергей Гайдай Украина әскері Северодонецктегі үшін кескілескен шайқаста Ресейден қаланың бір бөлігін қайтарып алғанын айтады. Украинаның ресми өкілдері 6 маусымдағы хабарламасында "жағдай ушығуы мүмкін" деп мәлімдеді. 

Донбасстағы шайқаста жараланған украиналық әскери. 

Донецк облысындағы Украина әскерінің әскери өткізу пункті. 

Украина президенті Владимир Зеленский 5 маусымда елдің ұрыс қимылдары жүріп жатқан шығысындағы Запорожье, Донецк және Луганск облыстарына барды.

Украина әскерилері елдің шығысындағы Северодонецк қаласына бақылау орнату үшін шайқасып жатқанда Ресей артиллерисымен елдің басқа да аймақтарын атқылап жатыр. Украинаның ресми өкілдері Дружовка ауылында шабуылдан бір адам қаза болғанын хабарлады. Северодонецктен батысқа қарай орналасқан қалашықтың тұрғындары 5 маусымда ракета даусынан оянғандарын айтады. 5 маусым 2022 жыл.