Азат Еуропа/Азаттық радиосы қамтитын елдер мен аймақтардағы осы аптаға жоспарланған маңызды оқиғалар тізімі.
Дүйсенбі, 12 қыркүйек
Әзербайжан: 12-16 қыркүйекте Бакуде Чехия өнер қайраткерлері делегациясының жұмыс сапары өтеді.
Әзербайжан: Бакуде Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Еуропа аймақтық бюросының 61-сессиясы басталады (15 қыркүйекке дейін).
Армения / Беларусь: Армения сыртқы істер министрі Эдвард Налбандян Беларуське ресми сапармен барады.
Грузия: Тбилисиде 12-14 қыркүйекте Грузияның шетелде тіркелген дипломатиялық өкілдіктері мен консулдық мекеме басшыларының кездесуі болады.
Грузия: Литва сыртқы істер министрлігі басшысы Аудронюс Ажубалис Грузияға жұмыс сапарымен келіп, әріптесі Григол Вашадземен кездеседі.
Қазақстан: Астанада Қазақстандағы теле- және радиохабар тарату жөніндегі заң жобасы жайлы ЕҚЫҰ конференциясы өтеді.
Қырғызстан: Орталық Азия елдері шекара мекемелері басшыларының екікүндік кездесуі Ыстықкөлде өтеді.
Ресей: Иркутскіде VII халықаралық Байкал экономика форумы өтеді (14 қыркүйекке дейін).
Ресей / Иран: «Бушер» АЭС іске қосылу салтанаты. Бұл шараға Ресей энергетика министрі Сергей Шматко, «Росатом» мемлекеттік корпорациясы басшысы Сергей Кириенко қатысады.
Ресей / Сирия: Сирия президентінің саяси және ақапарат мәселесі жөніндегі кеңесшісі Бусейна Шаабан Мәскеуге ресми сапармен барады.
Ресей / Қытай: Ресей энергетика министрлігінің Қытайға жұмыс сапары барысында мұнай тасымалы мәселесі талқыланады (15 қыркүйекке дейін).
Ресей / ДСҰ: Женевада Ресейдің Дүниежүзілік сауда ұйымына кіруіне байланысты кезекті кеңес өтеді.
Түркіменстан / Украина: Украина президентінің Түркіменстанға ресми сапары (13 қыркүйекке дейін).
Украина / ЕуроОдақ: Страсбургте Еуропа парламентінің Украинамен қауымдасу жайлы ЕуроОдақ кеңесі мен Еуропа комиссиясына ұсынысы талқыланады.
Украина / ТМД: жыл сайын өтетін Халықаралық «Экономиканың инновациялық дамуының мәселелері мен өрбуі» атты ғылыми-тәжірибелік конференция 12 -16 қыркүйекте Алуштада болады.
Сейсенбі, 13 қыркүйек
Әлем: Facebook, Twitter, Weibo, Livestream әлеуметтік желілерінде және БҰҰ интернат-хабары каналында БҰҰ бас хатшысы Пан Ги Мунмен әңгіме.
Беларусь: Минскіде ТМД елдері сарапшы тобының отырысы өтіп, «ТМД елдері жалпы білім беру мекемелері мұғалімдерінің біліктілігін арттыру келісімі» жобасы талқыланады.
Қазақстан: Астанадағы Кеден одағы сарапшы тобының отырысы «Кеден одағы елдерінің сыртқы шекараларындағы өткізу пунктерін қанымдау» тақырыбына арналады (14 қыркүйекке дейін).
Украина: Киевте Бірінші халықаралық мұнай саммиті өтеді.
Ресей: Ресей жоғарғы соты Платон Лебедевтің тұтқындалу мерзімін ұзартуға байланысты шағымды қарайды.
Ресей: «RAO/CIS Offshore 2011» Ресейлік Арктика мен құрлық қайраңындағы мұнай мен газды игеру жөніндегі халықаралық конференция Санкт-Петербургте өтеді (13-16 қыркүйек).
Ресей / ЕҚЫҰ: Ресей Орталық сайлау комиссиясы басшысы Владимир Чуров ЕҚЫҰ демократиялық институт және адам құқығы жөніндегі бюросының басшысы Янез Ленарчичпен кездесіп, Мемлекеттік дума сайлауы кезіндегі бұл ұйымның бақылаушылық міндетін талқылайды.
Сәрсенбі, 14 қыркүйек
Беларусь: ТМД елдері бас прокурорлары үйлестіру кеңесінің мәжілісі Минскіде өтеді.
Грузия / ЕуроОдақ: Еуропа одағының Грузиядағы бақылау тобының мандаты аяқталады.
Молдова: Жоғарғы сот палатасы отырысы өтеді.
Қазақстан: Ақтөбеде «Арал-Каспий аймағының Еуразия мәдениеті мен тарихындағы орыны» ІІ халықаралық ғылыми конференциясы өтеді (18 қыркүйекке дейін).
Қырғызстан: Қырғызстан премьер-министрі Қытайға барып, «Қытай-Қырғызстан-Өзбекстан» теміржолы құрылысы мәселесін талқылайды (16 қыркүйекке дейін).
Ресей / Франция: Парижде Ресейдің НАТО-дағы тұрақты өкілі Дмитрий Рогозин Франция басшылығымен келіссөз өткізіп, зымыранға қарсы қорғаныс жүйесін құру мәселесін талқылайды.
Украина: 14-18 қыркүйекте Львовта баспагерлердің 18-халықаралық форумы өтеді.
Украина / Ресей: Мәскеу және Бүкілресей патриархы Кирилл 14-15 қыркүйекте Украинаның Луганск облысына бармақ.
Бейсенбі, 15 қыркүйек
Әлем: Халықаралық демократия күні.
Беларусь: Беларусь жоғарғы соты Минск метрополитенінде 2011 жылы 11 сәуірде болған теракт жайлы қылмыстық істі қарауға кіріседі.
Қазақстан: 15-16 қыркүйекте Ақтауда «Каспийдегі халықаралық ынтымақтастық парадигмалары» халықаралық конференциясы өтеді.
Қазақстан / Ресей: Астраханда Қазақстан мен Ресейдің 8-аймақаралық форумы ашылады.
Қырғызстан: Бішкекте «Қырғыз Республикасының сыртқы саясаты» туралы конституциялық заң жобасын талқылайтын дөңгелек үстел өтеді.
Ресей: "Сочи-2011" 10-халықаралық инвестиция форум өтеді.
АҚШ: Вашингтондағы стратегиялық және халықаралық зерттеулер орталығында «Оңтүстік Кавказ тәуелсіздігінің 20 жылы: жетістіктер мен мәселелер» тақырыбындағы конференция өтеді.
Украина: Еуропалық «Құқықтан демократияға» (Венеция комиссиясы) тобы Украинаға барып, адам құқық қорғау жөніндегі конференцияға қатысады.
Украина: «Украина мен әлем: ортақ міндет, ортақ болашақ» 8-Ялта форумы (18 қыркүйекке дейін).
Украина / ТМД: Киевте ТМД елдерінің заңсыз миграцияға байланысты келісім жөніндегі бірлескен комиссиясының отырысы өтеді (16 қыркүйекке дейін).
Жұма, 16 қыркүйек
Беларусь / Ресей: Беларусь пен Ресейдің «Щит Союза-2011» бірлескен жаттығуы өтеді (22 қыркүйекке дейін).
Украина: Киев пен басқа да қалалар Георгий Гонгадзені, Украина тәуелсіздігі тұсында көз жұмған басқа журналистерді еске алады.
Украина: 16–19 қыркүйекте Харьковте запланирована Украина Жоғарғы Радасының адам құқы жөніндегі өкілі Нина Карпачева мен Ресейдің адам құқы жөніндегі өкілі Владимир Лукин ресми кездеседі.
Жексенбі, 18 қыркүйек
Ресей: Мәскеудегі әлеуметтік медиа апталығы (24 қыркүйекке дейін)