Донецкідегі ұшақ апаты
Ресейшіл сепаратист Malaysia Airlines компаниясының жолаушылар ұшағы құлаған жерде - Донецк облысының Габрово кенті маңында тұр. Апат туралы ресми ақпарат тарар алдында ғана сепаратистер лидері әлеуметтік желі арқылы "ұшақ атып түсіргендерін" хабарлаған еді. Кейінірек, өзін өзі жариялаған "Донецк халық республикасының" "премьер-министрі" Александр Бородай "ұшақты Украина әскерилері атты" деп мәлімдеді.
Boeing-777 ұшағының қирандысы.
Апат орнында ұшақтың қозғалтқышы көрінеді.
Өрт сөндіріп тұрған адам.
Төтенше жағдай қызметкерлері апат орнын тексеріп жүр.
Апат орнында жүрген адам.
Ұшақ бөлшегіндегі Malaysia Airlines авиакомпаниясының белгісі.
Malaysia Airlines авиакомпаниясы ұшағының көтерілген сәті деп жарияланған фото. Амстердам маңындағы әуежай, 17 шілде 2014 жыл.