Азаматтық-құқықтық қозғалыстың тарихи сәттері

17 жастағы қара нәсілді студент Натаниэль Стюард Сант-Доминик мектебінде сабақ айтып тұр. 1954 жылы АҚШ жоғарғы соты "Браун Білім кеңесіне қарсы" деп аталған іс бойынша шығарған үкімінде оқушыларды нәсілге бөлуге тыйым салды. Бұл - осы оқиғадан кейін ашылған, ақ пен қара нәсілді балалар бірге оқитын алғашқы мектеп. Вашинтон, 21 мамыр 1954 жыл.  

1954 жылы 17 мамырда үш заңгер - Тергуд Маршалл (ортада), Джордж Е. С. Хэйес (сол жақта) және Джеймс Нэбрит "Браун Білім кеңесіне қарсы" деп аталған істе жеңіп шықты. Сот "мектептерде оқушыларды нәсілдік тұрғыда бөлу конституцияға қайшы" деген үкім шығарды. 1967 жылы Тергуд Маршалл Жоғарғы сотқа тағайындалған алғашқы афроамерикалық атанды.  

14 жасар Эммет Тилл. Чикагодан Миссисипидегі үйіне келген оны екі ақ нәсілді адам ұрып-соғып, мылтықпен атып, өлтіріп кетті. Екі қылмыскер "Тилл ақ нәсілді әйелге ысқырды" деп мәлімдеді. Ақ нәсілді адамдардан тұратын алқабилер соты ол екеуін ақтап жіберді. Бұл іс үлкен шу тудырды.  

Құқық қорғаушы, белсенді Роза Паркс. Ол 1955 жылы автобуста ақ нәсілді адамға орын бермегені үшін тұтқындалды. Оның билікке бағынбаған бұл әрекеті Монтгомери автобустарына бойкот жариялау акциясына түрткі болды. Акция Алабама штатындағы қоғамдық көліктердегі нәсілдік кемсітушілікке қарсы ұйымдастырылды. 

Роза Паркс Алабама штатындағы Монтгомери қаласында автобуста отыр. 1956 жылы АҚШ-тың жоғарғы соты "қоғамдық көліктердегі нәсілдік кемсітушілік - заңсыз" деген үкім шығарды. Бұл үкімнің шығуына Роза Паркс бастаған автобустарға бойкот жариялау акциясы себеп болды.  

Қара нәсілді 9 оқушыны АҚШ солдаттары Литл-Рок қаласындағы мектепке күзетпен әкелді. АҚШ президенті Дуайт Д. Эйзенхауэр қара нәсілді балалар мектепке бара бастағанда оларды ақ нәсілді тұрғындардың қастандығынан қорғауға бұйрық берді. Арканзас штаты, 25 қыркүйек 1957 жыл. 

1964 жылы белсенді студенттер Огайо қаласынан Миссисипиге, қара нәсілді сайлаушыларды тіркетуге аттанды. Олар сапарға шығар алдында ән айтып тұр. Қара нәсілді сайлаушыларды тіркеу кампаниясы «Бостандық жазы» деп аталып кетті.

Қара және ақ нәсілді наразылар сегрегацияға қарсы акция өткізді. Нью-Йорк, Сити-Холл ғимаратының алды, 23 тамыз 1963 жыл.

Азаматтық қозғалыстың лидері, діни қызметкер Мартин Лютер Кинг (сол жақтан үшінші) "Вашингтон маршында" құқық қорғаушылармен бірге келеді. 200 мың адам қатысқан бұл шеруді ол «АҚШ тарихындағы ұлы бостандық демонстрациясы» деп атады. Вашингтон, 28 тамыз 1963 жыл.

Белсенділер Капитолий ғимаратынан Линкольн мемориалына бет алды. 

Мартин Лютер Кинг "Вашингтон маршында"  сөйлеп тұр. Ол «Менің арманым бар: күндердің күнінде жалпыға бірдей теңдік ешқандай дәлелдеуді қажет етпейтін күнге жетеміз» деген еді. Вашингтон, 28 тамыз 1963 жыл. 

АҚШ президенті Линдон Джонсон "Азаматтық құқықтар жөніндегі" заңға қол қойғаннан кейін доктор Мартин Лютер Кингті құттықтады. Вашингтон, Ақ үй, 2 шілде 1964 жыл.

Коретта Скотт Кинг (оң жақтан бесінші) Мемфистегі маршта келе жатыр. Бұдан бес күн бұрын оның күйеуі Мартин Лютер Кингті Теннеси штатында өлтіріп кеткен еді. Оның оң жағында - қыздары Йоланда бауырлары Мартин және Декстермен бірге келе жатыр. Мемфис, 9 сәуір 1968 жыл. 

1968 жылы өткен кедейлер маршы. Бұл шеруді Мартин Лютер Кинг «Лидерліктің оңтүстік христиан конференциясымен» (SCLC) бірігіп ұйымдастырған. Шерушілер АҚШ-тағы ең кедей қауымдарға үкіметтің көмек беруін талап етті. Бұл кампания Мартин Лютер Кинг қаза тапқаннан кейін де жалғасты.