«Өгізді өлтірмей, арбаны сындырмай шығып кету керек...». Референдум жайлы депутаттар пікірі

Your browser doesn’t support HTML5

Қазақстанда 5 маусымда жалпы халықтық референдум өтеді. Референдумда Конституцияның үштен бірі, яғни 33 бапқа өзгеріс енгізу мәселесі дауысқа салынбақ. Билік «өзгерістер президент құзіретін азайтып, парламентті күшейтеді» дейді. Шындығында бұл қалай болмақ? Парламент өкілеті қалай артпақ?