Мэтт Гетц АҚШ бас прокуроры қызметіне үміткер болудан бас тартты

Мэтт Гетц

АҚШ-та республикашыл конгрессмен Мэтт Гетц АҚШ бас прокуроры және әділет министрі қызметіне үміткер болудан ресми түрде бас тартты. Оның кандидатурасын жаңа сайланған президент Дональд Трамп ұсынған.

Мэтт Гетц жыныстық құлдықпен байланысты адам саудасына қатысы бар және есірткі пайдаланды деген күдікке ілінген. Оның мәлімдеуінше, бұл іс Трамптың жаңа әкімшілігін дайындау процесіне кедергі келтіруі мүмкін.

"Президент Трамптың мені осы лауазымға ұсынғанын мәңгі мақтан тұтамын және оның Американы құтқаратынына сенімдімін" деді Гетц.

Осы апта басында Американың ақпарат құралдары АҚШ Конгресі өкілдер палатасының этика жөніндегі комитетінде Мэтт Гетц ісі бойынша жауап берген куәгердің адвокатының сөзін келтірген. Олардың бірінің сөзінше, Мэтт Гетц 17 жастағылармен жыныстық қатынасқа түскен. Куәгердің сөзінше, конгрессмен ол кезде қыздың жасынан хабарсыз болған.

Этика жөніндегі комитетте Гетц ісі бойынша зерттеу 2021 жылы басталған. Өткен аптада комитет осы іс бойынша есеп беруі керек болған. Алайда 13 қарашада Трамп Мэтт Гетцті бас прокурор қызметіне ұсынған. Осыдан кейін конгрессмен өкілетінен бас тартып, комитет есепті жарияламаған еді.