Кишиневтің орталығындағы Ұлы Ұлттық жиналыс алаңына жиналған мыңдаған адам биліктегі коррупцияны айыптап, мемлекеттік институттарды реформалау қажеттігін айтты.
Биліктегі коррупцияға қарсылық шеруіне шыққандар. Кишинев, 6 қыркүйек 2015 жыл.
Митингке қатысушылар елдегі үш коммерциялық банктен қамтамасыз етілмеген несиелер ретінде алынған миллиард еуроны қайтару, Ұлттық банк, бас прокуратура, Коррупцияға қарсы комитет, Жоғарғы сот палатасы жетекшілерін отставкаға жіберу және сөз бостандығын қамтамасыз ету тәрізді талаптар қойды.
Коррупцияға қарсы наразылық шеруінде бала көтеріп тұрған ер адам. Кишинев, 6 қыркүйек 2015 жыл.
Шараны ұйымдастырушы «Ар-намыс және әділеттілік» қозғалысының өкілдері Ұлы Ұлттық жиналыс алаңында өтіп жатқан наразылық жиынына қатысушы адам саны 100 мыңға жуық деп хабарлады. Бірақ полиция "шараға он екі мыңнан сәл астам адам қатысты" дейді.
Наразылық жиынына қатысушылардың қолында Молдова мемлекеттік туымен қатар Еуропа Одағының туы да болды. Кишинев, 6 қыркүйек 2015 жыл.
Кишиневтегі қарсылық шеруіне әртүрлі жастағы азаматтар қатысты. 6 қыркүйек 2015 жыл.
«Интерфакс» агенттігінің хабарлауынша, билік бұл күні Кишиневтің орталығында тегін концерт ұйымдастырып, митингті өткізуге бөгет жасамақ болған. Бірақ, артистердің көпшілігі концертке қатысудан бас тартқан.
Биліктегі коррупцияға қарсылық акциясына қатысушылар елде кезектен тыс парламент сайлауын өткізуді талап етті. Кишинев, 6 қыркүйек 2015 жыл.
Наразылық митингіcіне қатысушылар "Ұрылар!", "Мафия, жоғал!" деп ұрандады. Кишинев, 6 қыркүйек 2015 жыл.
Биліктегі коррупцияға қарсылық жиынында қатысушылар ұстап тұрған заттар. Кишинев, 6 қыркүйек 2015 жыл
Наразылық шеруін бақылап тұрған полиция қызметкерлері. Кишинев, 6 қыркүйек 2015 жыл.
Кишиневтің орталығындағы Ұлы Ұлттық жиналыс алаңында өткен наразылық жиынына қатысушылар.
Биліктегі коррупцияға қарсылық жиынында жазу ұстап тұрған адам. Кишинев, 6 қыркүйек 2015 жыл.
Бұған дейін, мамырдың 3-і күні «Ар-намыс және әділеттілік» қозғалысы Кишиневте ұйымдастырып өткізген қарсылық жиынына 30 мыңға жуық адам қатысқан еді.