Суретте алдыңғы қатарда солдан оңға қарай тұрғандар: Ұлыбритания премьер-министрі лорд Артур Невилл Чемберлен, Франция премьер-министрі Эдуард Даладье, Германия канцлері Адольф Гитлер және Италия премьер-министрі Бенито Муссолини мен сол елдің сыртқы істер министрі граф Чиано Галеаццо Джан. 29 қыркүйек 1938 жыл, Мюнхен қаласы. Германия, Франция, Италия мен Ұлыбритания арасында қол қойылған келісімге сәйкес, Чехословакияның Судет аймағы нацистік Германияның иелігіне берілді.
Артур Невилл Чемберлен (сол жақта) тілмаш арқылы Адольф Гитлермен сөйлесіп тұр. Оң жақ шетте тұрған -нацистік Германияның сыртқы істер министрі Иоахим фон Риббентроп. Бад-Годесбург, Германия. 23 қыркүйек 1938 жыл.
Артур Невилл Чемберлен мен Адольф Гитлер Чехословакия мәселесін талқылап отыр. Гитлер Чехословакияның Судет аймағын 28 қыркүйекке дейін Германияға қосу туралы талап қойды. Мамырдағы саяси дағдарыстан соң Гитлер өз генералдарына Чехословакияны 1 қазаннан кешіктірмей басып алуды бұйырған. Берхтесгаден, Германия. 24 қыркүйек 1938 жыл.
Ұлыбритания премьер-министрі Артур Невилл Чемберлен (ортада, қалам ұстаған) Мюнхен келісіміне қол қойып жатыр. Оның қасында әскери киімде тұрған - Гитлердің хатшысы Мартин Борман. Келісімге 1938 жылы 30 қыркүйекке қараған түні қол қойылған, бірақ құжатта 29 қыркүйек деп көрсетілген.
Франция премьер-министрі Эдуард Даладье Мюнхен келісіміне қол қойып жатыр. Оның қасында Гитлер (оң жақтан екінші), рейхсмаршал Герман Геринг (сол жақтан үшінші) және Гитлердің хатшысы Мартин Борман (оң жақта) тұр.
Италия премьер-министрі Бенито Муссолини Мюнхен келісіміне қол қойып жатыр. Оның жанында Гитлердің хатшысы Мартин Борман мен Германия сыртқы істер министрі Йоахим фон Риббентроп (оң жақ шетте) тұр.
30 қыркүйек күні Мюнхеннен Лондонға оралған соң Артур Невилл Чемберлен келісім мәтінін көпшілікке таныстырды. Жұрт алдында сөйлеген сөзінде ол «Ұлыбритания премьер-министрінің Германиядан бейбітшілік орнату міндетін абыроймен атқарып оралғаны тарихта осымен екінші рет қайталанды» деп мәлімдеді. «Мен сіздерге бейбітшілік ала келдім» деді Чемберлен.
Франция премьер-министрі Эдуард Даладье Мюнхеннен Парижге жеткен соң өзін қарсы алған журналистерге келісім мәтінін оқып берді.
Судет облысындағы Красна Липа қаласының көшесінде патрульде жүрген Чехословакия армиясының сарбаздары. 1938 жылдың басында немістілді тұрғындар шоғырланған аудандарда жағдай шиеленісе бастайды. Гитлердің талабына қарсылық білдірген СССР-дің қолдауына қарамастан, Чехословакия президенті Эдвард Бенеш Ұлыбритания мен Францияның қолдауынсыз Германиямен соғысудан бас тартты.
Мюнхен келісіміне қосымшада көрсетілген Богемия мен Моравияның картасы. Германияның Чехословакиядан аннексиялап алған жері қара түспен боялған.
Чехословакия республикасының картасы (1918-1945 жылдар). Этникалық немістер көбірек тұрған аймақтар көк түспен боялған. Жасыл түспен белгіленген жерде венгрлер басым болған.
Германия әскері шекараны басып өтіп Чехословакия аумағына кірді. Қазан, 1938 жыл.
Чехословакияның солтүстігіндегі қалалардың біріне Германия армиясының кірген кезі.
Германия әскері Чехословакияның шекарасынан өтіп, Судет аймағына кіріп келеді. 1 қазан 1938 жыл.
Немістер 1938 жылы қыркүйек-қазан айларында Германия мен Чехословакияның арасында тұрған шекара бекетін бұзып жатыр.
Судет аймағынан қашқан чехтар босқындар құжатын толтырып отыр. Прага, 13 қазан 1938 жыл.
Крконоштағы мына бункер Чехословакияда 1935-1938 жылдар аралығында нацистік басқыншылық қаупінен сақтану үшін салынған қорғаныс жүйесіндегі бекіністердің бірі болатын.
Мұндай бекіністерді салудағы мақсат – ел аумағын дұшпанның (Германия ғана емес, Венгрияның да) тез басып алуына жол бермеу, тұтқиылдан шабуыл жасалған жағдайда Чехословакия армиясы күш жинап, одақтастар жәрдемге келгеннен дейін жаудың жолын бөгеу болатын.
Германияның насихат министрі Йозеф Геббельс күнделігінде Чехословакиядағы бекіністерді өз көзімен көрген соң Адольф Гитлердің: «бұл жерді Германияның соғыссыз алғаны қандай жақсы болған, әйтпегенде менің әскерім осында қатты қантөгіске ұшырайды екен» деп айтқанын жазған.
Мюнхен келісіміне қол қойылған ғимарат қазір музыка және театр мектебінің иелігінде.