Оралмандар ауылындағы Наурыз мейрамы

«Асар» шағын ауданындағы Наурыз мерекесіне тігілген киіз үйдің шаңырағы.

 Наурыз мерекесіне тігілген киіз үйлердің бірінде дастарханға ұлттық ас түрлерін қойып жатқан қыз-келіншектер. 

Сырмақ тігіп отырған әйел.

Жүн сабап, ұршық иірген әжелер.

Наурыз мерекесінде көрмеге қойылған қолөнер бұйымдары.

Наурыз мерекесіндегі ұлттық тағамдар көрмесі. 

Наурыз мерекесінде ұлттық тағам түрлерінен дәм татып жатқан балалар.

Қазақша күрес.

Наурыз мерекесіне жайылған дастархан басында отырған әйелдер. 

Наурыз мерекесінде алтыбақан теуіп жатқан жастар.

Жас баланың тұсауын кесу дәстүрінен көрініс. 

Қол диірмен тартып отырған әйел. 

Жас келіннің беташар рәсімі.

Күбі пісіп, келі түйіп, диірмен тартып жатқан әйелдер.

Ұршықпен жіп иіріп отырған әйелдер.

Асық ойнап отырған балалар.

Мейрамға әзірленген палауды үлестіру.

Қол диірмен тартып, мақта сабап отырған әйелдер. 

Ұршық иіріп, тоқыма тоқып, құрақ тігуді көрсетіп отырған әйелдер.

«Асар» шағын ауданындағы Наурыз мейрамына жиналған жұрт. Шымкент, 25 наурыз 2015 жыл.