«Немцов көпіріне» қол жинау
Your browser doesn’t support HTML5
«Солидарность» қозғалысы белсенділері 31 қаңтарда Мәскеудің орталығында көшеге шығып, ресейлік оппозициялық саясаткер Борис Немцов қастандықпен өлтірілген көпір тұсына ескерткіш тақтайша ілу туралы бастамаға азаматтардан қол жинады. Олардың айтуынша, бұл бастамаға 30 мыңнан аса адам қолдау білдірген. Белсенділер бұған дейін саясаткерге ескерткіш орнату туралы өтінішті қанағаттандырудан бас тартқан Мәскеу мэріне жұрттан жинаған қолды наурыз айында тапсырмақ.