Нью-Йорк белсенділері Ресейдегі саяси тұтқындарды босатуды, егемен елдердің шекараларын қалпына келтіруді, Украинаның шығысында атып құлатылған Малайзия жолаушылар ұшағы апатына байланысты халықаралық трибунал өткізуді талап етті.
Жексенбі, яғни қыркүйектің 27-сі күні Путинге қарсы бірнеше жүз наразы БҰҰ-дағы Ресей елшілігі кеңсесі алдына плакаттар көтеріп келді.
Наразылар арасында АҚШ-тағы Украина диаспорасы өкілдері де болды.
Ресей саясатына қарсылық шарасына АҚШ-тағы басқа да қауым өкілдері қосылды.
Ресей президентінің АҚШ-қа келуіне деген қарсылықтарын Нью-Йорктегі жыныстық азшылық (ЛГБТ) белсенділері де білдірді. Олар Владимир Путинді гомофоб деп айыптады.
Наразылық шарасын АҚШ-та тұратын этникалық орыстар да қолдады.
Наразылар арасынан белорус диаспорасы өкілдерін де ұшырастыруға болады. Кейбір белсенділер Беларусь президенті Александр Лукашенко саясатын айыптайтын плакаттар ұстап келді.
Қарсылық шарасындағы бір ұран: Putin to trial ("Путин сотқа тартылсын!").
БҰҰ Бас ассамблеясы отырысына әлемдік лидерлердің көбі барған. Олардың арасында Рим папасы, Ресей, Қытай, Иран, Германия басшылары бар.