Ниагара сарқырамасы мұзға айналды
Қатты аяз салдарынан Солтүстік Америка құрлығындағы ең ірі Ниагара сарқырамасында ішінара мұз қатқан.
Ақ қар мен көк мұз басқан бұл аймақ қазір ертегідегі "Мұз сарайына" ұқсайды.
Әйткенмен сарқырама суы толығымен қатқан жоқ.
Табиғаттың сирек құбылысын тамашалауға келген адамдар оны суретке түсіріп алуға тырысады.
АҚШ-тың Нью-Йорк штаты мен Канаданың Онтарио аймағының шекарасында орналасқан Ниагара әлем бойынша ені ең үлкен сарқырама саналады.