Солтүстік Корея басшысының қадамы
Your browser doesn’t support HTML5
Солтүстік Корея басшысы Ким Чен Ын 27 сәуір күні таңертең Оңтүстік Кореямен шекарадағы әскери күзеті күшті демаркация сызығынан өтіп, осы ел президенті Мун Чжэ Инмен кездесті. Шекара бойында жүздескен екі ел басшысы сызықтың екі жағына да аттап көріп, соңынан Оңтүстік Корея жағындағы рәсімге қатысты. 1953 жылы Корей соғысы аяқталғаннан бері Солтүстік Кореяның бір де бір басшысы Оңтүстік Кореяға бармаған. Ал Оңтүстік Корея басшылары 2000 жылы және 2007 жылы Солтүстік Кореяда болған. Алдағы уақытта Солтүстік Корея басшысы Ким Чен Ынның АҚШ президенті Дональд Трамппен кездесуі мүмкін екені айтылады. 27 сәуір, 2018 жыл.