Қараусыз қалған мәйіттер және күйреген орыс техникасы. Ресейден азат болған ауылдың күйі

Көзі жойылған ресейлік бронтранспортер Чернигов облысы Жаңа Басань ауылындағы қиранды арасында, 1 сәуір.

Ресейдің 82 миллиметрлік минасы жанып кеткен ресейлік әскери техниканың жанында жатыр.

Украина сарбаздары қираған ауылды күзетіп жүр.

Жанып кеткен машина жанында жүрген иттер. Ауыл тұрғындарының айтуынша, көлік жанында мәйіті жатқан адамдар Ресей сарбаздары атып тастаған.

Жаңа Басань ауылында қаза тапқан адамның туыстары.

Бейбіт азаматтың қаза тапқан жерінде жүрген сот-медицина маманы.

Өртенген көліктің жанында жылап тұрған әйел.

Сот-медицина маманы жұмысын аяқтаған соң, мәйіт табытқа салынды.

Ішінен өлі адамның мәйіті табылған көлік пен оның үстінде жатқан кәмпиттер.

Батпаққа кіріп кеткен танкіні украин әскери қызметкерлері зерделеп жүр.

Медициналық батальонның қаруланған еріктілері.

Ауылдағы бір үйдің жанында бықсып жатқан ресейлік бронтранспортер.

Ауылдан кеткелі тұрған көліктің ішінде отырған бала және Ресейдің қираған бронтехникасы.

Жаңа Басань ауылынан табылған мәйіт.

Қаза тапқан орыс сарбазына қарап тұрған ауыл тұрғыны.

Орыс әскері тастап кеткен бронтранспортер жанында тұрған украин сарбазы.

Ресей әскери қызметкерінің бас киімі.

Жанып кеткен бронтранспортер және қаза тапқан ресейлік сарбаз.