Рубльдің жағдайы
16 желтоқсанда Ресей рублі құны рекордтық көрсеткішке дейін құлады. Рубльдің құны бір күннің ішінде 20 пайызға дейін төмендеді.
Бір евроның құны 100 рубльге дейін, бір доллардың бағасы 80 рубльге дейін өсті.
Мәскеу тұрғындары қолдарында бар рубльдерінен құтылу үшін жаппай сауда жасап жатыр.
Мәскеудегі тұрмыстық техникалар сататын дүкендер босап жатыр.
Ресей тұрғындары дүкендердегі қажетті заттардың барлығын жаппай сатып алуға кіріскен.
Дүкендердегі тауарларды тексеру және беру орталықтарында ұзын кезек.
Дүкендердегі кей тауарларда "сатылған" деген белгі қойылған.
Ресейліктер дүкендердегі жиһаздарды да жаппай сатып алып жатыр.
18 желтоқсанның таңында тәулік бойы істейтін азық-түлік дүкендеріндегі сөрелер босап қалды.
19 желтоқсанда Ресейдің орталық банкі бір доллар 59 рубль, бір евро 73 рубль болғанын хабарлады.