Жайлау мен қыстау арасы. Памир тауындағы көшпелі қырғыздар қалай өмір сүреді?

Ауғанстанның биік тауында тұратын Памир қырғыздарының балалары. Баланың арқасына тұмар байланған. Халықтың наным-сенімі бойынша, бұл тұмар ауру-сырқаудан қорғайды. 

Ауғанстанның солтүстік-шығысындағы Вахан дәлізінде тұратын Памир қырғыздарының негізгі малы - құйрықты қой. 

Кіші Памир алқабындағы көшпелілердің Хашт-Гоз жайлауын жайлаған ауыл. Бес киіз үй, мал қора, мешіт және қам кірпіштен соғылған қонақтар жататын үй. 

Памирдің Курбон-айт ауылындағы киіз үйде ас ішіп отырған ақсақалдар. 

Екі өркешті түйе керуені Памирдегі тау жолымен сайдағы Гоз-Хунда тұрған шағын базарға бет алып барады.

Суарылатын жердің шөбін жаз соңында қолмен шауып алады. Қыста жер бетін қалың мұз жапқанда мал сол шөпті азық етеді.

Памир қырғыздарының негізгі жейтін асы: нан, сүт қатқан шай, тұз, кейде ірімшік те болады. Кешкі асқа - ет пен күріш. Памир қырғыздары көкөніс пен жемісті аз жегендіктен, витаминнің аздығы байқалады. Бұл өңірде жеміс-жидек табу қиын. 

Самаат Хан Қырғызстанға көшіп кеткен туыстарының малын қарап, Памирде қалып қойған. 

Қам кірпіштен соғылған қыстау үйінде үй жұмысын жасап отырған қырғыз қызы. 

Ауғанстанның солтүстік-шығысында көшпелі тұрмыс кешетін қырғыздардың киіз үйлері. 

Жаздың соңында Памирдегі көшпенділер киіз үйлерін жинап алып, қыстауға көшеді. 

Бұл қыстаудағы балшықтан салынған тамдар қатты желге шыдас береді, ал тастан соғылған қора малды түнде келетін жыртқыштардан қорғайды. 

Вахан дәлізіндегі жазық пен Памир тауларының арасында тау шатқалдары бөліп жатыр.

Кешқұрым қырғыз малшы жайылымнан қайтып келе жатқан мал ауып кетпеді ме деп дүрбімен бақылап тұрады.