Нысана көздеушілер Қазақстанға "жүлде қоржынын ашып берді"

Сәтпаев пен Ле іріктеу кезеңінде Қытай, Оңтүстік Корея, Германиядан кейін төртінші нәтиже көрсетіп, қола медальға таласуға мүмкіндік алған еді. Ал 0ола медальға таласта Германиядан басым түсті. Бұл бағдарламада алтынды Қытай, күмісті Оңтүстік Корея спортшылары еншіледі.

Сәтпаев пен Ле Азия ойындары-2022 жарысында дәл осы бағдарламаға қола жүлдеге ие болған. 

Ислам Сәтпаев Париж олимпиадасында. 

Жарыстан соң нысана көздеуден Қазақстан құрамасының бас бапкері Ольга Довгун (суретте сол жақта) жарыстан соң "Қазақстанға Париж олимпиадасының жүлделер қоржынын ашып бердік" деді.

25 жастағы Сәтпаев пен 20 жастағы Ле Қытай және Оңтүстік Корея спортшыларымен марапаттау рәсімінде. 

Екі спортшы да Алматы қаласынан. Бұл - екі спортшының карьерасындағы ең үлкен жетістігі. 

Қазақстан нысана көздеуден 1996 жылдан бері алғаш рет олимпиадада жүлде иеленіп отыр. 1996 жылғы Атланта олимпиадасында Владимир Вохмянин тапаншамен 25 метрден атуда қола жүлде иеленген еді. Ал Ольга Довгун 2000, 2004, 2012, 2016 жылғы олимпиадаларға қатысып, Афина-2004 ойындарында төртінші орын алған.