Желтоқсан айында Назукин жағалауында турист аз, есесіне қаңғыбас ит пен мысық әр тұстан кездеседі.
Назукин жағалауында, Балаклава, Қырым, 16 желтоқсан 2018 жыл.
Қыстың ызғарлы күні бір-біріне тығылып, жылынып отырған мысықтар.
Балаклава жағалауында мысықтың небір түрлері кездесті.
Жағалаудағы кәдесый сататын сауда орындарының бір бөлігі жабық тұр, ал жұмыс істеп жатқандарында сатып алушы көрінбейді.
Жағалауда орналасқан "Родина" кинотеатрының тозған ғимараты. Оны қайта жөндеу туралы бірнеше рет айтылғанымен, әзірше тек уәде жүзінде қалған.
Кинотеатр 1910 жылы салынған. Ресей Қырымды аннексиялап алғанға шейін ескі ғимаратты қайта жаңғыртуға инвесторларды тартуға талпыныстар болған. 2013 жылы ондай инвестор табылғанымен құрылыс жұмыстарын жүргізуге қаржысы жетпеген.
Назукин жағалауынан Қамалтау арқылы Чембало бекінісінің ескі жұртына соқпақ жолмен баруға болады.
Чембало бекінісін қайта жаңғырту жұмыстары он жылдан бері біресе басталып, біресе тоқтап қалады.
Бұл қамалдың бас мұнарасы – Барнабо Грилло. Мұндай мұнаралар бекіністің ең мықты қорғалған ішкі қабырғаларында орналасқан.