Үскіт өзені жағасындағы ауыл

Алушта-Судак тасжолының Приветное ауылына бұрылатын тұсындағы стела.

Үскіт өзені алабындағы жүзімдік.

Жолдың қарсы бетіндегі жас жүзімдіктің біраз уақыттан бері күтім көрмегені байқалады.

Приветное ауылынан үш жарым шақырым жер жүрсеңіз теңіз жағажайына жетесіз.

Приветное ауылын кесіп өтетін Үскіт өзенінің құрғап қалған арнасы.

Ауылдағы автостанция тек курорт маусымында ғана жұмыс істейді. Бұл жерден күнде таңертең екі бағытқа – Алушта мен Симферопольға автобустар шығады.

Ауылда інжір ағашы мен өсімдіктің өзге де түрлері өседі.

Приветное ауылында қараусыз қалған үйлер де кездеседі.

Інжір ағашы Қырымның оңтүстік жағалауына кең тараған.

Биыл Приветное ауылында жеміс-жидек бағасы қымбат емес тәрізді.

19-ғасырда салынған Үскіт Жамиси мешіті – тау баурайында орналасқан ауылдағы негізгі тарихи-мәдени ескерткіш.

Мешіт төңірегіндегі үйлердің ауласында да інжір ағашы жиі көзге түседі.

Ленин көшесінде Мәдениет үйінің алдында 1944 жылы Қырым татарларын атамекенінен күштеп жер аударған Сталин басқарған совет өкіметі саясатының құрбандарына ескерткіш орнатылған.
 

Сонымен бірге ауылда Алакат қырғыны құрбандарына орнатылған ескерткіш те бар. Онда 1929-1930 жылдары советтік күштеп ұжымдастыру саясатына қарсы көтерілгені үшін НКВД қызметкерлері атып өлтірген Үскіттің 42 тұрғынының аты-жөні жазылған.

Шевченко көшесіндегі мына бір үйдің өртеніп кеткеніне едәуір уақыт болған. Оның иесі әлі күнге дейін жертөледе тұрып жатыр.

Приветное ауылындағы гүлдеген өсімдік.