Майдан шебінде өздерімен бірге тұрып жатқан мысықты ұстап тұрған әскери қызметкер.
Өндірістік аймақ.
Авдеевканы күн сайын танкілер атқылайды. Бірақ Украина солдаттарының айтуынша, кейінгі күндері танкілер азырақ атқылайтын болған. Суретте: танкінің толық жарылмай қалған оғы.
Өндірістік аймақтағы қоймалардың бәрі осылай қираған.
Снаряд тиген көлік.
Күнделікті атыс болатынына қарамастан, солдаттар бекінген жерлерін жылыту үшін отын бұтайды.
Бұл жауынгер соғысқа не үшін келгенін "5 жасар қызым бар, ол кейін "сен сол кезде не істедің?" деп сұрағанда, жүзім жарқын болады" деп түсіндіреді.
Ол бұған дейін Черкасск облысында өрт сөндіруші болып қызмет атқарған. Мұнда келгеніне жыл толған.