Алматыдағы наразылық, Трамп суретін өртеу, пойыз сүйреу рекорды

АҚШ-тың Иран келісімінен шығуына қарсылық танытқан ирандық белсенділер Трамптың суретін өртеді. Иран, 9 мамыр 2018 жыл.

Басра провинциясының солтүстігіндегі Зубайр мұнай және газ кенішінде тұрған жұмысшы. Ирак, 9 мамыр 2018 жыл.

Қоймада пластик бөтелкелерді сұрыптап отырған жұмысшы. Лахор, Пәкістан, 10 мамыр 2018 жыл.

Қазақстандық балуан Сергей Цирульников рекорд жаңарту үшін салмағы 148 тонналық пойызды вагонымен қоса сүйреп бара жатыр. Астана, 10 мамыр 2018 жыл.

Мәскеуде 9 мамыр - Жеңіс күніне орай өткен парадқа қатысқан МиГ-29 әскери ұшақтары. Ресей, 9 мамыр 2018 жыл.

Алматы қаласында "Саяси тұтқындарға бостандық берілсін" деген талаппен көшеге шыққан адамдарды полиция жасағы ұстап жатыр. Қазақстан, 10 мамыр 2018 жыл.

Полиция жасағы "саяси тұтқындарды босатуды" талап етіп акцияға шыққан наразы адамды ұстап, әкетіп барады. Алматы, 10 мамыр 2018 жыл.

Беларусь елі 6 мамырда көктемгі егіс науқанына арналған дәстүрлі мерекені атап өтті. Погост деревнясында ұлттық киім киген жергілікті әйелдер мерекелік шарада билеп жүр. 6 мамыр 2018 жыл.

Ливиядан теңіз арқылы резеңке қайықпен Еуропаға бет алған мигранттарды испаниялық "Proactiva Open Arms" үкіметтік емес ұйымының өкілдері құтқарды. Құтқарылғандардың арасында Бангладеш, Египет, Нигерия, Марокко, Пәкістан, Судан, Ливан, Эритрея мен Сенегал азаматтары бар. Ливия, 6 мамыр 2018 жыл.

Ресей президенті болып төртінші мәрте сайланған Владимир Путин инаугурациядан кейін Кремльден шығып келе жатыр. Путин 7 мамыр күні ант қабылдап, елдегі өмір сүру деңгейін көтеруге уәде берді. Ресей, 7 мамыр 2018 жыл.

Прагадағы халықаралық марафонға қатысушылардың Карлов көпірінен өтіп бара жатқан сәті. Жарысқа шамамен 10600 адам қатысты. Чехия, 6 мамыр 2018 жыл.

Богота қаласында мүмкіндігі шектеулі спортшылар жүгіруден 10 шақырымдық сайысқа қатысты. Жарыс жұмыс бабымен жүргенде жарақат алған полиция мен әскерилерді қолдау үшін өткізілді. Колумбия, 6 мамыр 2018 жыл.

Киевтегі бөртегүлдер бағы. Украина, 6 мамыр 2018 жыл.