Апта айшықтары

Украинаның қорғаныс күштерінде қызмет ететін қыздар Тәуелсіздік күніне орай өтетін әскери парадқа дайындалу үстінде. 22 тамыз 2018 жыл 
 

Қазақстан спортшысы Асқарбай Еділбаев Джакарта өтіп жатқан Азиада ойындарында ушу бойынша өнер көрсетуде. 22 тамыз 2018 жыл

Канада ұшқышы Пит Молеуд (оң жағында) және АҚШ ұшқышы Кирби Чемблисс Ресей құрамындағы Татарстан астанасы Қазан қаласының төбесінен ұшып барады.

Оңтүстік Кореяның Чеджудо аралына "Сулик" дауылының жақындауына байланысты теңіз бетінде көтерілген асау толқындар. 22 тамыз 2018 жыл

Албаниялық әйел ауылдардың бірінде сұлы жинап жүр. 

Жергілікті цирктің пілдері Ресей аннексиялап алған Қырым түбегіндегі Қара теңіз жағалауында суға түскен кезде жаттықтырушының суға секіріп тұрған сәті.

Мекке маңындағы Мина аңғарына жүретін автобустардың төбеден түсірілген көрінісі. Сауд Арабиясы, 22 тамыз 2018 жыл

Совет әскерінің Чехословакияға басып кіру оқиғасына орай өткен шарада сөйлеп тұрған Чехия президентін көптің көзінше қысылту үшін оған қарата айна ұстап тұрған хеклер.

Тәуелсіздік күніне орай өтетін әскери парадқа дайындалып жатқан әскреилерге күн ыстық кезде су шашып, дем беріп тұрған әскери дәрігер.

Катманду маңындағы елді мекендердің бірінде сарқырама астында салқындап, демалып отырған бала. Непал, 22 тамыз 2018 жыл

Қажылығын өтеп жүрген мұсылмандар Мекке маңындағы Арафат тауында дұға жасап отыр.

Мехиконың Джуарез аңғарында шаңдатып ірі-қара айдап бара жатқан малшы.

Әуе шарларын ұшыру жарысында қатысушыларға қарап тұрған төрешілер. Австрия, 20 тамыз 2018 жыл

Ұзақ жылдары бойы бір-бірін көрмеген Солтүстік және Оңтүстік Кореялық отбасы мүшелері. Солтүстік Кореяның Кумганг шипажайы, 20 тамыз 2018 жыл

Мәскеудегі паркте отшашу фестивалін тамашалап тұрған тұрғындар