Пхеньяндағы парад және Ресейдегі шеру

2001 жылы 11 қыркүйекте болған теракті құрбандарын еске алу шарасына орай орнатылған АҚШ тулары. АҚШ, Калифорния штаты, 11 қыркүйек 2018 жыл

Пәкістанның Балочистан провинциясында түрлі тайпалар арасындағы араздықты жоюдың символы ретінде отқа Калашников мылтығы тасталды

Қытай гимнасты Чжао Ятинг Софияда (Болгария) өтіп жатқан көркем гимнастикадан әлемдік чемпионатында өнер көрсетіп жатыр. 

Солтүстік Кореяның негізінің қалануына 70 жыл толуын атап өту рәсімінде шырағдан ұстап, өнер көрсеткен қатысушылардың төбесінен отшашу атылды

Иудаизм дініндегі ағымдардың бірі - хасидизмді ұстанатын еврей диаспорасы Украинаның Умань қаласында Жаңа жылды тойлап жатыр

Пхеньянның орталық алаңында өткен әскери марш кезіндегі Солтүстік Кореяның солдаттары.

Санкт-Петербургте зейнетақы реформасына қарсы наразылық шарасында көшені жапқан  Ресей ұлттық гвардиясының жасақтары және оларға қарап тұрған әйел.

Санкт-Петербургте зейнетақысы реформасына қарсы наразылық шарасында полиция балаларды да ұстады. Санкт-Петербург, 9 қыркүйек 2018 жыл