Ресейдегі саяси қуғын құрбандарын еске алу және Карачидегі наразылық
Минскідегі базарда өзіне бас киім таңдап жүрген ер адам манекендердің қалқасында қалған айнаға қарап тұр.
Әскери киім киген қытайлық туристер Босния астанасы Сараево қаласында қыдырып жүр.
Совет билігі тұсындағы саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу шарасында Ресей астанасындағы "Қасірет дуалы" ескерткішінің алдында тұрған әйел.
"Жамиат-улема-и-Ислам-Фазл" (JUI-F) исламшыл партиясының жақтастары Пәкістан премьер-министрі Имран Ханның үкіметіне қарсы шеруде тұр. Лахор. 30 қазан 2019 жыл.
Үндістанда Сринагар қаласындағы тосқауыл бекетінде өртті сөндіріп жатқан полиция қызметкері.
Ресей коммунистік партиясын қолдайтын белсенділер мен жастар большевиктер революциясына 102 жыл толуына орай Мәскеуде ұйымдастырылған шарада тұр.
Ауғанстан астанасы Кабул қаласында өздері тұратын үйдің терезесінен сыртқа қарап тұрған балалар.
Непал. Катманду қаласындағы "От мерекесіне" қатысушы жігіт.
Үкіметтің салық саясатына қарсы жалпыхалықтық ереуіл кезінде жабық тұрған дүкеннің қасында отырған адам. Пәкістанның Лахор қаласы.
Ирактың Кербала қаласында үкіметке қарсы акцияға шыққан көзден жас ағызатын газ құылған құтыны көрсетіп тұр.
Карачидегі үкіметке қарсы шеру кезінде "Жамиат-улема-и-Ислам-Фазл" (JUI-F) исламшыл партиясы жақтаушылары ұйым жетекшісіне қолдау білдіріп тұр.
Ауғанстан ұлттық армиясының сарбазы Кабулдағы шара кезінде командиріне сәлем беріп тұр.