"Қызыл әскер парады" және көне велосипедтер жарысы

Жұмыс күні аяқталысымен қызын ертіп үйіне бет алған көше сыпырушы. Үндістан, 8 қараша 2018 жыл

Ақ үй өкілі АҚШ президенті Дональд Трамппен "дауласқан" CNN тілшісі Джим Акостаның микрофонын алып алуға тырысып жатыр. Бұл оқиғадан соң Акостаның Ақ үйге кіруіне тыйым салынды. 7 қараша 2018 жыл 
 

Индуизм дінінің өкілдері Тихар фестивалі кезінде құлшылық рәсімін орындап жатыр. Бұл ағым өкілдері сиырды қатты құрметтейді. 

Қызыл армияның униформасын киген Ресей солдаттары қызыл алаңдағы парадқа дайындалып жатыр. Мәскеу, 7 қараша 2018 жыл

Германияның солтүстігінде орманда серуендеп жүрген адам. 7 қараша 2018 жыл
 

Сталин мен Лениннің портретін ұстаған Беларусь коммунистік партиясының мүшелері Минскідегі тәуелсіздік алаңында 1917 жылғы ұлы октябрь социалистік революциясының 101 жылдығын атап өтіп жатыр. 7 қараша 2018 жыл
 

Мәскеудің қызыл алаңында өткен әскери парад. 7 қараша 2018 жыл

Киевтегі парламент ғимаратының алдында салық заңын өзгертуге қарсылық білдірген белсенділердің бірі. 6 қараша 2018 жыл

Климаты құрғақ Кабулда жұмысшы ағашты суғарып жатыр. Ауғанстан, 6 қараша 2018 жыл

Өгіз арбаға жер шам тиеп, базарға сату үшін жолға шыққан үндістандық арбакеш. Нью Дели маңы, 5 қараша 2018 жыл

Қызыл армия формасын киген Ресей солдаттары. 1941 жылы майданға аттанған жауынгерлердің әскери парадын қайталауға тырысып жатыр. Мәскеу, 5 қараша 2018 жыл

Бірінші дүниежүзілік соғыстың аяқталуын атап өту шарасына дайындалып тұрған әскери форма киген актер. Бұл жерге сәлден соң президент Эммануэль Макрон келуі тиіс. Франция, 5 қараша 2018 жыл 
 

Германияның Бавария аймағында бірінші дүниежүзілік соғыстың біткен күнін атап өту шарасына орай орнатылған инсталляция. 5 қараша 2018 жыл

Прагадағы көне велосипедтер жарысы. 4 қараша 2018 жыл